Ауылдағы кәсіпорын жылына 12 миллион данадан артық жұмыртқа өндірмек.
Ауылдағы кәсіпорын жылына 12 миллион данадан артық жұмыртқа өндірмек.
Ауылдағы кәсіпорын жылына 12 миллион данадан артық жұмыртқа өндірмек.

Қазақстанда жасалған. Осындай айдармен өңірімізде тағы бір отандық тауар өндіріле бастады. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш ауданында жаңа құс фабрикасы ашылды.  Қосымша жаңа жұмыс орны да ашылды. Осылайша, елімізде жүргізіліп жатқан индустриалдық-инновациялық дамудың игілігін шалғай ауылдағылар да көріп жатыр.

Құс фермасына жұмысқа орналасқан Алтынай Шалабаева бұған дейін бала бағып, үй шаруашылығымен ғана айналысатын. Ол мұнда келген соң қосымша оператор мамандығын игеріпті. Өйткені кешен толығымен автоматтандырылған жүйеде жұмыс істейді. Зауытқа қажетті қондырғылар жергілікті жерде құрастырылған. Ауыл азаматтары оны тез меңгеріп алыпты.

Алтынай ШАЛАБАЕВА, құс фабрикасының жұмысшысы: «Осы Сарыағаш ауданы бойынша жұмыртқамен қамтамасыз етіп отыр. Мына ауыл жастарына жақсы болды. Жұмыс орындары бар. Үйімізге жақын, келіп-кеткенімізге оңай. Алты күн жұмыс істеп, бір күн демаламыз. Еңбек ақымыз тұрақты, айма-ай алып тұрамыз».

Жобаның жалпы құны 245-миллион теңге. Кәсіпкерлер мемлекеттен қосымша 40 миллион теңге көлемінде несие алыпты.Оның мерзімі ұзақ, пайызы да төмен дейді шаруалар. Құс фермасында қазір 43 мың бас қоңыр тауық бар. Олар күніне 38-40 мың дана жұмыртқа туады.

Мұрат ТАЛМАН, құс фабрикасының басшысы: «Келешекте біз мынау қалған цехтарды қосатын кезде өзіміз осы жерден жем дайындайтын зауыт ашсақ деген жоспарымыз бар. Ары қарай инкубаторды ашсақ сосын өзіміздің жергілікті балапан фермасы іске қосылады. Сосын ары қарай 120-мың бас құс ұстауға мүмкіндік болады».

Жоба толық қуатына енсе жылына 12 миллионнан астам жұмыртқа өндірілмек. Бұл тек аудан халқын ғана емес, көршілес аймақтарды да сапалы өніммен қамтуға мүмкіндік береді. Облыстан индустриаландыру картасына жалпы соммасы 447 миллиард теңгені құрайтын 150 жоба енген. Бұл қазақстан бойынша көрсеткіштің 20 пайызын құрайды.

Сапарбай ТҰЯҚБАЕВ, облыс әкімінің орынбасары: «Біздің облыста әрбір ауданда Индустрияландыру картасы аясында жобалар іске асырылып жатыр. Мысалы үшін осы Сарыағаш ауданында жаңағы 150-дің 9-жобасы осы ауданда іске асырылып жатыр. Оның 5-еуін биыл іске қосатын боламыз».

Үстіміздегі жылы елімізде индустрияландыру картасы бойынша 146 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Соның 42-сі оңтүстікқазақстандықтардың еншінде. Бұл республикадағы жоғарғы көрсеткіш. Жаңа нысандардың іске қосылуы аймақ экономикасына оң әсер етіп, жергілікті халық жұмыспен қамтылатын болады.

Дерек көзі: 24-kz

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=IWJicCYjFg4[/youtube]