Сарыағашта жекеменшік балабақша көп

630
Жекеменшік бақшада барлық жағдай жасалған

Сарығаш ауданында 13 822 бала мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған. Яғни аудандағы балдырғандардың 58,1 пайызын құрап отыр. «Балапан» бағдарламасының аясында мемлекеттік және жекеменшік серіктестіктектердің қаржыландыруымен жиырмаға жуық балабақша ашылған.

"Дин-Асыл" балабақшасының ата-аналары облыс әкіміне алғыс білдіруде
«Дин-Асыл» балабақшасының ата-аналары облыс әкіміне алғыс білдіруде

 

Дербісек ауылындағы бір ғана «Дин-Асыл» бақшасында 475 бүлдіршін тәрбиеленуде. Осылайша жеке кәсіпкер 86 адамды жұмыспен қамтып, орташа 40 мың айлық жалақы төлеп отыр. Мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысы, мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясындағы жұмыстарға ауыл тұрғындары ризашылықтарын білдіруде.

Мектепке дейінгі тәрбие алып жатқан бүлдіршіндер өңір басшысын қуана қарсы алды
Мектепке дейінгі тәрбие алып жатқан бүлдіршіндер өңір басшысын қуана қарсы алды

 

Балдырғандардың бал-бұл жайнаған жүздерін көрген Асқар Мырзахметовте қуанышын жасыра алмады
Балдырғандардың бал-бұл жайнаған жүздерін көрген Асқар Мырзахметовте қуанышын жасыра алмады
Жекеменшік бақшада барлық жағдай жасалған
Жекеменшік бақшада барлық жағдай жасалған

Ал білім саласы ақсап тұр.  Ұлттық бірыңғай тестілеуге 104 мектептен 2603 оқушы қатысқан. Бұл бітірушілердің 55,7 пайызын құрайды. Нәтижесінде 67,5 балл жинап, облыста 13-орынды иеленген. Ұлттық бірыңғай тесттің қорытындысан талдау жасап, төмен нәтиже көрсеткен, яғни 25 пайыздық шектік деңгейге жетпеген 15 мектептің 5 директоры жұмыстан босталды. 10 мектепке қызметтік тексеру жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша шара қолданылады дейді аудан әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев.