Сарыағаш ауданының билігі шаруаға қажетті 50 гектар жерді тауып бере алмай отыр. Жеміс көшеттерінің көлемін ұлғайтуды көздеген «Сарыағаш жер сыйы» шаруа қожалығының иесі мәселесін облыс басшысының алдында көлденең қойды.
“Сарыағаш жер сыйы” серiктестiгі республика шаруашылықтары үшiн жемiс, жүзiм көшеттерiн дайындаумен айналысады. Шаруашылықта 23 гектар бау, 11 гектар жүзiм, 15 гектар жемiс көшеттерiнiң тұқымбағы бар. Сондай-ақ, субтропикалық аймақта өсетiн анар, құрма, лимон, банан көшеттерi де өсiрiлуде.
Танабай Шынтасов, «Сарыағаш жер сыйы» ЖШС-ның директоры: «Мынау өсіріп істеп жатқан тірліктің барлығы мемлекеттің ауылшаруашылығына деген көмегінің арқасында. Бұны жеке адамның шығаруы мүмкін емес. Үкіметтің қаржысын өзіне-өзі пайдаланудың арқасында істеліп жатқан нәрсе».
Ісі оңға басқан қожалықтың, шешілмей тұрған бір мәселесі-жер. Тағы да 30-40 гектар жер болса, көшеттердің көлемін арттырып, бауын жайқалтпақ. Былтырдан бері, аудан басшылығынан жер сұрап, есігін тоздырған.
Асқар Исабекұлы кәсiпкердiң өтiнiшiн шешіп беруге бірден кірісті. Әлеуметтiк кәсiпкерлiк корпорациясының басшылығы бiр айдың iшiнде серiктестiк сұраған 40 гектар жердi беретiнiн уәде етті. Ал оның дер кезінде орындалуы уақыттың еншісінде.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=lObA5XbgwAw[/youtube]