Сарыағаш «Сыбаға» бағдарламасын орындауда соңғы орында

1008
Мал бордақылап соятын бес бекет бар

Сарыағаш сапарында облыс әкімі аудан әкімінің атқарған жұмыстарына көңілі толмады. Себебі, осыдан  3-4 жыл бұрын берілген тапсырмалар орындалмаған.

 

Мал бордақылап соятын бес бекет бар
Мал бордақылап соятын бес бекет бар

 

 

Бұған дейін ауылшаруашылығын дөңгелетіп, жылыжайымен жұртшылыққа үлгі болып жүрген Сарыағаш ауданында төрт-түліктің дамуы көңілге қонымды емес.Әсіресе, мал бордақылауда артта қалып келеді. «Сыбаға» бағдарламасының орындалуы бойынша соңғы орында тұр. Аудандағы шаруа қожалықтарының тіршілігімен танысқан облыс әкімі тағы да сын айтты.

Ауызсумен қамту-ең басты мәселе
Ауызсумен қамту-ең басты мәселе

Тәулігіне 15 ірі қара мен 5 жылқы, 50 бас уақ мал соятын кәсіпкер жылына 3 миллион теңге табыс табады. 9 тонналық мұздатқышы да бар.  Сарыағаш ауданына қарасты Қызылжар ауыл округіндегі «Ар-Сен» өндірістік кәсіпорны 2005 жылы мал сою және бордақылау ісіне білек сыбана кіріскен.  Ауылдың 12 азаматы күн-түні еңбек етеді. Бір өкініштісі кәсіпкер ірі қаралардың күніне қанша келі салмақ қосатынын басып айта алмады. Сұраққа мардымды жауап ала алмаған өңір басшысы, жауаптылардың жауапсыздығын тілге тиек етіп, «Сыбаға» бағдарламасының орындалу барысын жылдамдатуды тапсырды. Өйткені 300 мыңға жуық тұрғыны бар ауданда мал бордақылайтын бес қана бекет бар. Сондықтан болар  мал шаруашылығын дамыту бұл ауданда кенжелеп келеді.

80 жасты алқымдаған Пернебек атайда кәсіпкерлікпен айналысуда
80 жасты алқымдаған Пернебек атайда кәсіпкерлікпен айналысуда

Сондай-ақ, 154 елді мекеннің басын қосқан Сарыағаш ауданында небәрі  29 ауылда ғана тәулігіне тоқтаусыз таза су ағады. Тағы 6 елді мекенге ауыз су 12 сағат берілсе, 23-іне тіршілік нәрі 8 сағат қана таратылады. Ал «тірлікті басына барып қылдық, жұртты суға қарық қылдық» деген аудан әкімінің шаруасы тек қағаз бетінде ғана атқарылғаны анықталды. Сарыағашта қара суға зар халық көп. Сарыағаш қаласы мен елді мекендерді ауызсумен қамту мақсатында құрылысы осыдан үш жыл бұрын басталған магистралды су құбырының жұмысы бітер емес. Бітсе сегіз бірдей ауылға ауызсу барады. Облыстық бюджеттен 535 млн. теңге бөлінген құрылыстың барысымен танысқан өңір басшысы Асқар Мырзахметов мердігер компанияға құрылысты қыркүйекке дейін бітіруді тапсырды. Ал аудан әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев басты мәселені шешуде барын салып жатқанын баяндағанымен, жұмыс тек қағаз жүзінде істелінген болып шықты.

Егістігі жайқалғанмен, игерілмей жатқан 24 мыңнан аса жері бар
Егістігі жайқалғанмен, игерілмей жатқан 24 мыңнан аса жері бар

Су демекші, Сарыағашта «Рамадан» ирригациялық каналының қала ішінен өтетін 19 шықырымын темір-бетонмен қаптап, күрделі жөндеуден өткізу керек екен. Өйткені аймақта орналасқан 280 үйді су басу қаупі бар.   Аудан активімен кездескен Асқар Мырзахметов білім саласындағы былықтарды жоятын , ең бастысы аудындық білім бөлімінің басшысын ауыстыратын кез келгенін баса айтты.

Жылыжай мен көшет өндіруде алдыңғы орында. Бұл Сарыағаштың бірден-бір жетістігі
Жылыжай мен көшет өндіруде алдыңғы орында. Бұл Сарыағаштың бірден-бір жетістігі

Айтпақшы, ауылының қоқысын тазалай алмай отырған төрт ауыл-округтің әкімдері сайлаудың тізіміне іліккеніне наразылық білдіріп, қолда бар техникасын дұрыс пайдаланып, қоқысын тазаламай отырған олар елді қалай басқармақ деп сұрақты төтесінен қойды.