Шардара аудандық әкімдігіндегілердің сөзінше, су қоймасының жағалауына тиісті инфрақұрылымдар жүргізілетін болса, Шардара нағыз туризм аймағы болмақ
Шардара аудандық әкімдігіндегілердің сөзінше, су қоймасының жағалауына тиісті инфрақұрылымдар жүргізілетін болса, Шардара нағыз туризм аймағы болмақ
Шардара аудандық әкімдігіндегілердің сөзінше, су қоймасының жағалауына тиісті инфрақұрылымдар жүргізілетін болса, Шардара нағыз туризм аймағы болмақ

Шардарадағы бюджеттің бүйрегін томпайту үшін аудандағы туризмді дамыту керек. Жарты жылдың қорытындысы кезінде Асқар Мырзахметовтың алдына жергілікті билік осындай ұсыныспен шықты. Ол үшін Шардара су қоймасының маңынан 245 гектар жер бөлінсе болғаны, қойма маңынан инфрақұрылым жүргізіліп, нағыз демалыс аймағы салынбақ.

Жердің орман шаруашылығына қарасты болуы бұл мәселенің шешілуінде қиындық тудырып отыр. Проблемаға қаныққан Асқар Исабекұлы Үкіметке хат жолдау арқылы жобаны жолға қоюға уәде етті.

Тұрсынқұл Байтұрғанов, Шардара ауданы әкімінің орынбасары: «Біз түрлі инстанцияларға хат жазғанменен бұл жерді бізге тек арендаға бергісі келеді. Арендаға бергеннен кейін бұл жерлерге шетен келетін инвесторлар қазір көптеп саналып отыр. Ол кісілер арендалы жерге өздерінің күрделі құрылыстарын салып, ол жерге қаржы бөлуге ықылас білдірмей отыр. Себебі, арендаға берілген жерде жылда ережелері өзгеріп кетуі мүкін. Төлемі үлкейіп кетуі мүмкін. Әрқайсысы өзіне жерді нақты алып болғаннан кейін істегісі келеді».

Мұхит Отаршиев, облыстық табиғи ресурстар, табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы: «Ол 245 гектар жер орман шаруашлығының жерлері. Өздеріңіз білесіздер ол мына жағажайда орналасқан жерлердің бірі болып табылады. Қазіргі күні мемлекеттік орман қорының есебінде. Яғни, бұл жерлер арнайы қолданыстағы жерлер деп айтсақ болады. Ол жерлерді шығарып беру үшін ол жерлерде міндетті түрде Үкіметтің қаулысы болу керек. Бірақ қазіргі уақытта туындап отқан проблемалардың бірі ол жерді туризм есебінде пайдалану заңда көрсетілмеген. Қазіргі таңда облыс әкімінің берген тапсырмасына сәйкес заңдылықтарын қарап, сол бойынша Үкіметке ұсыныс жасаймыз. Сол ұсынысқа сәйкес ары қарай жалғасатын болады. Облыс әкімі де бұл ұсынысқа қызығушылық танытып отыр. Осы мәселені шешсек, Шардара ауданының бюджетіне көмек болады. Әрі облыстағы барша демалушылар шетелдерге кетпестен осында келіп дем алатын еді».