«Шардара-Балық 1» зауыты жылына мың тоннаға дейін балық өнімдерін экспорттайды. Сыйымдылығы 8 тонналық тоңазытқыштарда қылтықсыз балық дейсіз бе, әлде тұздалғаны немесе қақталғаны бар су жәндігінің түрлі өнімдері сақталады.
Төлеген Қалдымұрат, жұмысшы: «Күніне 10 тоннаға жуық балық келеді. Соны түсіріп, жуып, осында түсіріп қоямыз. Судак, шихон, бобла, сазан. Сол негізгі балықтар. Осылай қатырып, Россияға, барлық жаққа жібереміз ғой».
Бұрынғы балық зауытын модернизациялау негізінде қолға алынған мекеменің 40 шақты жұмысшысы бар. Зауыт ұжымы су жәндігін тек Шардарадан ғана емес, Аралдан да келісім шарт арқылы алдырады. Ауданда аталған өнімді өңдейтін екі зауыт бар. Бұл өз кезегінде тоғандардағы балық өсіміне кесірін тигізіп отыр.
Балық өңдеуші зауыт болашақта балықты жуып, сақтап және сатып қана қоймай, оның түрлі түрін өңдеп, саудаға шығаруды жоспарлап қойыпты.
«Шардара-Балық-1» зауытындағы сақтау қоймаларының бірі. Сыйымдылығы — 8 тонна.