Шардараның диқандары пияз егудің соны әдісін меңгерді

Асханбай Бекпенбет, "Жаушықұм" ШҚ төрағасы
Асханбай Бекпенбет, "Жаушықұм" ШҚ төрағасы
Асханбай Бекпенбет, «Жаушықұм» ШҚ төрағасы

Шардараның диқандары пияз егудің соны әдісін меңгерді. Голландиялық технология бойынша өсіріліп жатқан жуалар екі есеге дейін артық өнім береді екен. Қолы кетпеннен босап, пайдаға қарық болып жатқан шаруалар жаңа әдістің тиімді тұсы көп екенін айтады.

Пияз егумен аты шыққан шаруа Асханбай Бекпенбет Голландиялық тәсілдің кереметін осы күнде-ақ көре бастапты. Бұйыртса, 25 гектар жерінен ең кемі 100 тонна жуа алмақ. Шетелдік әдістің артықшылығы сол, еккен пиязыңыз үлкен не ұсақ болып кетпей, бірқалыпты болады. Негізгі құпиясы оны егу технологиясында.

Асханбай Бекпенбет, «Жаушықұм» ШҚ төрағасы: «Егілгенде точный высов. Арасында 4 см егіледі. Жүйектің үстіне ғана егіледі. Бірінші жүйек алынады, соның үстіне съелкамен егіледі. Ал бұрынғы кездері жаппай сеуіп тастайтын еді да. Үйіліп қалады. Ұшында майдасы көп болады».



Фотопанорама

Шардара ауданы бойынша соны әдісті «»Жаушы құм» шаруа қожалығы пайдаланып отыр. Бірінші рет қолға алынып отырған шаруаның барысына облыс жетекшілігі де қанықты.

Піскен өнімді тиімді бағамен өткізу жағы да оайластырылып қойған. Өзге аудандарға жылына мың тонна жуа жіберуді жоспарланса, Ресеймен де келісім-шартын жасалынып қойыпты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=psajDMNiLHQ[/youtube]