Шаруалар Қонаев даңғылындағы жәрмеңкенің ашылуын талап етті

Келесі сәрсенбі құқыққорғау саласына арналады
Гүлжан АРЫСТАНБЕКОВА
Гүлжан АРЫСТАНБЕКОВА

Қонаев даңғылының бойындағы азық-түлік жәрмеңкесі қайта ашылсын. Бүгін облыстағы 15 қала-ауданнан жиналған шаруалар «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалына осылай шағымданды.

Жәрмеңкеде ет сатқан Гүлжан Арыстанбекованың шыр-пыр болуына негіз бар. Өйткені, Қонаев даңғылының бойындағы саудаға сеніп көп шаруа секілді несие алған. Енді міне, көтерме бағамен алып қойған тауарын қайда пұлдарын білмейді. Ал басқа базарға барайын десе, пайдасынан шығыны көп. Мәселені шешпесе 200-дей кәсіпкердің жағдайы қиын, дейді кейуана.

Әлеуметтік сауда орны ет сатушыларының мәселесін реттегенімен, азық-түлік секілді сан түрлі сауданың жайын жолға қоймайды. Гүлнар Құрманбекованың жауабынан соң өзге шаруалар осылай шулады. Сондықтан заңды жолын табу керек десті олар. Ойланып қалған жауаптылар бір жолын табуға уәде етті.

Келесі сәрсенбі құқыққорғау саласына арналады
Келесі сәрсенбі құқыққорғау саласына арналады

Cондай-ақ, бұл күні жолдың жыры, ауызсу мен көгілдір отынның мәселесі, ұлтарақтай жер үшін де сарсаңға салынып жүргендер осы жерден табылды. Көпшілігіне тек ресми түрде жауап қатылған. жиыннан арызданушылардың бірқатары қанағаттанбай қайтты.

Коммуналды мәселлерге арналған қоғамдық қабылдауға бұл күні бас аяғы 18 шағым түсті. Келесі сәрсенбі құқыққорғау саласына арналады.

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=_BsDxsMReC4[/youtube]