Тот басқан темір мен өрмекшінің ұясынан сескенбеген қала әкімі құбырларды мұқият қарап шықты. Шымшахардың басшысы кеп, жертөлелерінің жағдайымен танысып жатқанына тұрғындар да таңырқандары сонша, айтар арыздарын да ұмытып қалғандай…
«Шағымымыз жоқ. Бәрі де уақытылы. Бәріне де ризамыз,»-деп басын шұлғи берді үй комитетінің төрайымдары.
Жылу маусымына деген дайындық барлық станцияларда өте жоғары деп сендіреді жылу берушілер.
Бірақ Шымкенттің жылу маусымына дайындығына қала әкімінің көңілі толмайды. Арнайы рейдке шыққан Дархан Сатыбалды осылай дейді. Шымкенттің әкімі бірнеше жылу станциялар мен көпқабатты үйлердің жертөлелелрін аралап шыққан соң осындай байлам жасап отыр.
Жылуорталығының дайындығы қалыпты. Қыста қалалықтарсуық пәтерлерде бүсең қақпайды деген станция басшысы Давранбек Исаков жөндеу жұмыстарының сызбасына дейін тәптіштеп берді. Бірақ жылу берушілердің жылы сөзіне Шымқаланың басшысы сене қоймады. Сондықтан да дайындық барысы қатал бақылауда болады деді қала әкімі. Барлық жұмыстың қателіктері кеңейтілген алқа мәжілісінде талқыланатын болады.