Шымкенттегі Тәуке хан даңғылы мен Адырбеков көшелерінің қиылысында жарнама билборды құлап қалды. Темір бағана электр сымдарына ілініп қалған. Салдарынан қиылыстағы үйлердің біразында электр жарығы өшіп қалды.
Алдын ала болжамға сәйкес, дәл осы тұста жол апаты болған. Билбордтың түбінде көлік шамдарының сынықтары шашылып, қанға ұқсас қызыл түсті сұйықтық жиналып қалған. Бұған қоса бағанада қатты заттың соғылған ізі бар. Көше қиылысына жарнама агенттігінің мамандары келіп, қисайған бағананы жөндеуге кірісті. Айта кету керек, осы қиылыста облыстық ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығына тиесілі бейнекамерасы орнатылған.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=yfs9Jh0gXns[/youtube]