Сауда үйі Д.Қонаев даңғылының бойында орналасқан
Түркиялық бетке тұтар фирмалардың жиһаздары Америка, Еуропа елдерінде, сондай ақ Араб әмірліктерінде жоғары бағаланады
Түркиялық бетке тұтар фирмалардың жиһаздары Америка, Еуропа елдерінде, сондай ақ Араб әмірліктерінде жоғары бағаланады

Жаны жайлылықққа құмар жұрттың назарына. Шымкент жаңа жиһаз үйімен толықты. «DAX» жиһаз көрмесі деп аталатын сауда үйінде енді тек Түркияның атақты фирмаларынан шыққан тауарлар саудаға түсетін болады.

Талғам мен сапаның сәйкестігі. «DAX» жиһаз көрмесінің тұсауын кесушілер жаңа орталықты ашқанда осы мақсатты көздеген. Оның көрме аталуында да сыр бар. Өйткені, мұндағы жиһаздар жылына екі рет толықтай өзгеріп отырады. Жиһаз үйін ашудың алдында оның ұйымдастырушылары 3 жыл бойы өңір тұрғындарының талғамына зерттеу жасаған.

Қайрат ТҰРАРҰЛЫ, «DAX» жиһаз үйінің қожайыны: «Бұл халқымыздың таңдауы. Халқымыз осындай жақсы жиһаз таңдап жатыр қазір. Сапасы болсын. Сондай сапасы болу керек, жақсы қызмет атқарады халқына, алған адамға, сатып алушыға. Оны алған адамда ешқашан да проблема болмайды онда. Рахатына пайдаланады. Сол үшін біз осындай жиһаздарды әкелуге тырыстық».

Жиһаз үйін ашудың алдында оның ұйымдастырушылары 3 жыл бойы өңір тұрғындарының талғамына зерттеу жасаған.
Жиһаз үйін ашудың алдында оның ұйымдастырушылары 3 жыл бойы өңір тұрғындарының талғамына зерттеу жасаған.

Жамал Оразбаеваның «DAX» жиһаз үйіне келіп, көңілі жайланды. Қала тұрғыны ерекше талғамындағы тауарды таппай, көптен бері сабылып жүр еді. Сапасы сәніне сай жиһаз тапса керек, сауда үйінің алғашқы сатыпалушысына да айналып үлгерді.

Жамал ОРАЗБАЕВА, қала тұрғыны: «Өте ұнады. Сапасы да жақсы. Бұған дейін де қаладағы басқа жиһаздарды аралап жүргенмін. Өйткені, өзім жаңа үй алып, соған мебель іздеп жүргенмін. Бүгін енді мына жердегі салыстырғанда өте тамаша. Жаңаша бір мебельдер».

Үш қабаттан тұратын сауда орталығы атақты «Галлан», «Нильс», және «Иавузлар» деп аталатын фирмалардың тауарымен толыққан. Түркиялық бетке тұтар фирмалардың жиһаздары Америка, Еуропа елдерінде, сондай ақ Араб әмірліктерінде жоғары бағаланады.

Сауда үйі Д.Қонаев даңғылының бойында орналасқан
Сауда үйі Д.Қонаев даңғылының бойында орналасқан

Сәнді һәм сапалы жиһаз сатып алғысы келетіндер «DAX» жиһаз көрмесін Шымкенттегі Қонаев даңғылының бойынан таба алады.

 

 

 

 

 

 

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=WeVZkQPbyxs[/youtube]