Шаңқай түсте Шымкенттің қақ ортасында атыс болды. Оқиға Байтұрсынов көшесі мен Тәуке хан даңғылы қиылысында орын алған.
Осындағы дүкендердің алдында қолданылған ұялы телефондар сатушылар мен сатып алушылар үнемі жиналатыны ешкімге жасырын емес. Тәртіп сақшылары қанша тырысқанымен, бұл аумақтағы адам аяғы сейілер емес. Олардың арасында бұзық ниеттілері де кездесіп жатады.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ONlKSkNLcsM[/youtube]
Осындай оқиғалардың бірі таяуда күндіз орын алады. Атыс даусы естілгені жайлы суыт хабар жедел басқару орталығына түскен. Осы маңдағы полиция бекетіндегі тәртіп сақшылары адамдардың кенеттен жиналып қалған сәтін бейнекамераға түсіріп үлгереді. Сосын оқиға орнына көмек шақырған. Келіп жеткен Әл Фараби полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестірудің нәтижесінде оқ атқан күдіктіні құрықтайды. Ол Шымкент қаласының 25 жастағы тұрғыны болып шыққан.
Тергеу барысында сезіктінің «Оса» тапаншасынан оқ атқаны анықталады. Бұған қоса жәбірленушілер де анықталған. Қазір осы факті бойынша қылмысты іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.