Қою түтін будақтап жатыр

Кешегі демалыс күндері Шымкентте бірнеше жерден өрт шықты. Келеңсіз жағдайдың бірі «Автонұр» базарында, сауда қызып жатқан уақытта тіркелген. Мұнда қатар орналасқан, автокөліктің қосылқы бөлшектері сатылатын контейнерден өрт шығады.

Қою түтін будақтап жатыр
Қою түтін будақтап жатыр

Оқиға орнына бірнеше арнайы топ шұғыл аттанады. Тілсіз жау ондаған метр жерді шарпыған. Құтқарушыларға сатушылар да көмектесіп жүріп, тауарлардың біразын сақтап қалды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=FEoSqSAua0I[/youtube]

Өртті сөндіру үшін контейнердің төбесіне шығуға тура келген
Өртті сөндіру үшін контейнердің төбесіне шығуға тура келген

Тағы бір суыт хабар құтқарушыларға Бауыржан Момышұлы даңғылының бойынан түcкен. Осындағы кафенің бірінің мұржасы тұтанған. Оны көріп, көпқабатты үйдің тұрғындары әбігерге түсті де қалды. Тездетіп қимылдаған өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтап тастады. Қазір осы екі оқиғаның толық себеп-салдарын анықтаушылар тексеріп жатыр.