Шымкентте тағы да жарылыс! Кезекті жарылыс шаһардың ең криминогендік ауданы — «Чапаевка» елдімекенінде орын алып отыр. Құдай сақтағанда бұл оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.
Айта кетейік, бұл жарылыс — осы ауданда соңғы екі жылда болып отырған 4-ші оқиға. Бұл ресми дерек. Ал шын мәніндегі жарылыс бұдан әлдеқайда көп дейді жергілікті тұрғындар.
Полицейлердің мәліметінше, жарылғыш зат болжам бойынша қақпаның тартқышына орнатылып, жұрт шырт ұйқыда жатқан таңғы сағат 4 жарымдар шамасында жарылған. Оның күші сонша — қақпаның қалың темірін майыстырып жіберген. Қазір тәртіп сақшылары осы фактіні тексеріп жатыр.