Келешекте партияның аудандық филиалы халықтың билікке деген сенімін нығайтып, әлеуметтік жағдайларды көтеріп, оның орындалуына атсалысатынына сенім мол.

 

Келешекте партияның аудандық филиалы халықтың билікке деген сенімін нығайтып, әлеуметтік жағдайларды көтеріп, оның орындалуына атсалысатынына сенім мол.
Келешекте партияның аудандық филиалы халықтың билікке деген сенімін нығайтып, әлеуметтік жағдайларды көтеріп, оның орындалуына атсалысатынына сенім мол.

«Нұр Отан» ХДП Созақ аудандық филиалының жаңа ғимаратының іргетасы қаланды. Құрылыстың жүргізілуіне Созақ аудандық мәслихатының депутаты Мағауия Тұрысбеков демеуші болып отыр. Елбасының саясатын жүзеге асыру жолында елеулі істерге үлес қосқан азаматқа аудан халқы алғысын жаудыруда.

Заманауи талаптарға лайық нысанның дер кезінде халық игілігіне берілуіне кәсіпкердің өзі қадағалау жасап отыр.

Дулат Тұрантегі, Созақ ауданының құрметті азаматы: «Бөлек өз алдына ғимарат болғаны жақсы. Оған халық кіреді шығады, пікірін айтады. кеңестерін өткізеді. осының өзі адамгершіліктің, ұлтжандылықтың көрінісі деп танимын. Ғимаратты салушыларға табыс тілеймін».

Ғимараттың құрылысына алдыңғы қатарлы технологиялар мен заманға сай материалдар пайдаланылуда. Ұзындығы 18 метр, ені 12, биіктігі 3,5 метрлік ғимаратта барлық жағдай жасалмақ. Партияның беделін арттыру, халықтың игілігіне қызмет ету басты мақсатым дейді құрылысқа демеуші депутат.

Мағауия Тұрысбеков, Созақ аудандық мәслихатының депутаты: «Нұр-Отан» ХДП аудандық филиалы ғимаратын салып жатырмыз. Мақсат – Елбасының саясатына қолдау көрсету. Сондықтан партия мүшелерінің атынан ғимаратқа демеушілік жасап отырмын. Бүгінгі таңға дейін котлабан қазылып, іргетасы құйылып, қабырғасы көтеріліп жатыр. Осы айда шатырын жапсақ, ендігі айда әрлеу, көгалдандыру, жылу жүйесіне қосумен айналысамыз. Қыркүйек айында пайдалануға тапсырмақпыз». 

Роллан Әлжанов, «Нұр-Отан» ХДП Созақ аудандық филиалы төрағасының орынбасары: «Бұдан былай ғимаратта конференция зал, қажетті бөлмелер болатын болды. Бұл аудандық филиалдың жұмысына серпін береді. Нұротанның қоғамдағы позициясын нығайта түседі деп есептеймін».

Елеулі істің қосалқы жұмыстарына аудан жастары да үлес қосып жатыр. Елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформалардың арқасында саяси партиялардың рөлінің арта түскені сөзсіз. Сондықтан «Нұр Отанға» жүктелетін жауапкершілік жоғары.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=piumHUzf87w[/youtube]