Студенттік құрылыс жасақтары жұмысқа кірісті

360
Биыл студенттер құрылыс жасақтары құрамында 400 жас бар

Қайнаған жұмыс. Жастар құрылыстың басы-қасында емес, ортасында жүр. Жазғы демалысында үйдің кірпішін қаламаса да, іші-сыртын әрлеп, қоғамда үлесін қосуды ұмыт қалдырмады. Асхат Тағабаев студенттік құрылыс жасағына биыл қосылған. Соған қарамастан таңғы сағат 8-30-нан қара кешке дейін тынымсыз еңбек етіп, тер төгіп жүр.

Ерлан
Асхат Тағабаев ең алғашқы жалақысын жұмсайтын жолды айтты

Асхат Тағабаев, студент: «Осы 9 қабатты тұрғын үйге сыртқы және ішкі әрлеу жұмыстарын жасап жатырмыз. Біз алдымен “алинекс” деген қоймалжың затты арнайы ыдысқа салып, су құйып, араластырып, оны жақсылап қозғаймыз. Одан кейін осы қабырғаға жағамыз. Жаққан кезде оның қалыңдығы 0,5 см -дей болуы керек. Соған қарап, дәл осы қалыңдықта жағуға тырысамыз. Сосын кейбір жарық жерлерге біз торларды қойып, толтырып жібереміз. Ал ең алғашқы жалақымды алғанда, ең бірінші үйіме көп азық-түлік апарамын. Одан кейін үйіме қажетті заттарды аламын. Ақша артылса өзімнің оқуыма қажетті дәптер-қаламымды алар едім”.

Жалақы демекші, биыл студенттік құрылыс жасағының орташа еңбекақысы 60-70 мың теңгені құрап отыр. Облыста аталған жұмыспен 400 студент қамтылған. Бұл көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда 80 студентке артық. Осы топтың құрамына ену талай жастолқынның арманы болыпты. Дегенмен мүмкіндікке жыл бойы қоғамдық шараларға қатысқан, жақсы оқыған белсенді студенттер ғана қол жеткізген. Және бұған құрылыс саласының студенттері ғана тартылып отыр.

Сейтжан Әсілов, ОҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы: “Тек қана

Биыл студенттер құрылыс жасақтары құрамында 400 жас бар
Биыл студенттер құрылыс жасақтары құрамында 400 жас бар

құрылыс мамандықтарының студенттері қамтылып отыр. Және де 1-курс емес, бұрыннан жұмыс істеп үйренген 2 және 3-курсың студенттері. Қалалық құрылыс бөлімімен келісе отырып, осы қаладағы мердігер компания басшыларының басын қосып, штабпен келістірдік. Қазіргі таңда 17-ші мердігер нысандары студенттерді қатарына тартты. Бір мердігер компанияда 10, 20, 30 адамнан бар. Негізі бектілген жалақы 60-70 мың теңге көлемінде. Бірақ кей жерлерде жұмыстың көлеміне келісіп жалақы алып жатқандар да бар”.

Жұмысқа білек сыбана кіріскен студенттер мұнда тәжірибе жинақтайды. Құрылыс заттарының атын ғана емес, оның қалай жасалатынын да жаттап жүр.

Олжас Кунтубаев, студент: “Мен мұнда келіп, көп дүниені үйрендім. Үйреніп қана емес, қазір беймарал жасай беремін. Мысалы “кафель” дегенді білгенім болмаса, оны қыбарғаға әдемілеп жапсыруды білмейтін едім. Қазір шебер болып алдым”.

Жастолқын «Нұрсәт» шағынауданында орналасқан 9 қабатты тұрғын үйге әрлеу жұмысын бастап кетті. Енді олар бас-аяғы 1 жарым айдың ішінде көпқабатты пәтерлердің іші-сыртын толығымен аяқтауы тиіс.