Түркістанда шетел азаматын тонағандар құрықталды

145
Қолға түскен күдіктілердің бірі

Түркістанда Молдава республикасының азаматына қарақшылық шабуыл жасалды. Өзімен бірге ірі сомадағы ақшаны алып жүрген қонақ жергілікті екі азаматтың назарына іліккенін сезбей де қалады. Сөйтіп, қарақшылықтың құрбаны болды.

Шетелдік қонаққа көзден таса тұста шабуыл жасалды
Шетелдік қонаққа көзден таса тұста шабуыл жасалды

Кеш қараңғысында көлігіне міне берген азаматтың қасына кенеттен екі жігіт келе қалады. Күш қолданып, жалғыз азаматты қорқытқан олар ақшасын тартып алады. Сөйтіп, көлікке мініп, қаладан шығып кетеді. Жолай жәбірленушіні қала сыртында тастап кетеді. Аман қалғанына қуанған ол тез арада полицейлерге шағымданады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=ibdWtiwcVeY[/youtube]

Осы оқиға бойынша шұғыл тергеу амалдарын жүргізген тәртіп сақшылары көп ұзамай екі күдіктінің ізіне түсіп, қолдарына кісен салады. Олар — жергілікті тұрғындар болып шыққан. Тергеу барысында екеуі де теріс қадамға барғандарын бірден мойындады. Қазір күдіктілердің осындай өзге де қылмыстарға қатысы тексерілу үстінде.

Қолға түскен күдіктілердің бірі
Қолға түскен күдіктілердің бірі