Шымкентке Украинаның Қазақстандағы бас консулы Михаил Калядин келді. Мәртебелі қонақ ең алдымен облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевпен кездесті. Жоғары дәрежелі елші мен облыс басшылығы өңір аралық әріптестікті сөз қылды. Бұдан кейін консул Шымкенттегі украин диаспорасымен кездесті.
Жергілікті украиндықтар консулмен кездесуге мұқият дайындалыпты. Қонаққа арнап көрме ұйымдастырып, шағын концерт те жасап жіберді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=PUuhNje8iZc[/youtube]
Михаил Клядин жиналғандардың сұрақтарына мұқият жауап беруде. Екі ел арасындағы мәдени және білім саласындағы әріптестік бойынша алдын ала келісімдерге қол жеткізілді.
Кездесуде Қазақстан мен Украинаның бауырлас қалалары арасындағы екі жақты тығыз қарым-қатынас мәселесі де назардан тыс қалмады. Бұған қоса шымкенттік балалардың шетелде білім алуы мен өнер ұжымдарын қаржыландыру тақырыбы да көтерілді. Бас консулдың іс-сапары әр минутына дейін мұқият жоспарланған. Бүгін украинаның өкілі қаланың өндірістік кәсіпорындарына ат басын бұрады деп күтілуде.