Шымкенттегі жарнамалық көрнекіліктер ешқандай талапқа сай емес. Шымқаланың бас сәулетшісі Нұрлан Архабаев осылай дейді. Арнайы жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 600 жарнама билбордтарының 457-не жер инспекциясына шағым келтірілген. Оның 134-не әкімшілік шара көрілді. Ал 181 билборд бойынша іс сотта қаралып жатыр.
Нұрлан Архабаев, Шымкент қаласының бас сәулетшісі: «Облыс әкімінің тапсырмасымен қаладағы барлық жарнамалық билбордтарға тексеру жұмыстарын жүргізіп көрдік. Тексеру қорытыныдысы тым көңіл көншітпейді. 617 жарнамалық билбордтар болса, соның дені техникалық регламентке де сай емес. Кәсіпкерлердің көңіліне келмесін, ешкім ренжімес деп ойлаймын. Қазір тексеру нәтижесі бойынша ескерту жіберіліп, кейбірін сотқа жолдадық».