«Жастар орталығы» жарты миллионды сарп етті

280
Еліміздегі "Жастар орталығы" МКМ директорлары жұмыссыздықты жою жолын қарастырды

Жастар жұмыссыздықпен күресуді заманауи түрлі әдістер бойынша байқап көріп жатыр. Бір қарағанда оңайлау болып көрінетін ойын 12 өңірдің жастар орталығы басшылығының басын қосып отыр. Ал мынау «Тимбилдинг», «Тайм-менеджмент» және «Стратегиялық менеджмент» оқу-жаттығуы Шымкенттің белсенді жастарына топтың көшбасшысы болып жұмыс жасауды үйретеді. Ұйымдастырушылардың пікірінше, мұндай шаралар өңірдегі жұмыссыздықты ғана жоймайды, бұған қоса жастар саясатын жүзеге асырады. Арнайы шара басталысымен-ақ қатысушылар өздерінің кемшін тұстарын байқапты.

Еліміздегі "Жастар орталығы" МКМ директорлары жұмыссыздықты жою жолын қарастырды
Еліміздегі «Жастар орталығы» МКМ директорлары жұмыссыздықты жою жолын қарастырды

Орынбек Орынбасаров, Маңғыстау облысы “Жастар орталығы” МКМ директоры: “Мен жарты күннің ішінде көп дүниені үйренген сияқтымын. Өте қызық, әрі жаңа бағыттар екен. Мұнда келгеніме өкінбеймін. Бастысы үйренген көрген-білгенімді өзгелерге түсіндіре алсам болғаны”.

Жаттықтырушылар да қатысушылардың кемшіліктерін анықтап отыр. Түркия елінен және Астана қаласынан арнайы шақырылған мамандар көшбасшы болу үшін ұйымшылдықтың өзі аз екенін айтады. Дәл осы талап келешекте топпен бірге жұмыс жасауға кедергі келтіруі мүмкін деп есептейді олар. Сол үшін ендігі іс-шараларға басшылармен қатар, еңбеккерлер де шақырылатын болады.

Жанар Бақанова, Астана қаласы “Жастар” ғылыми-зерттеу орталығының директоры: “Бұл жерде оқыған тәжірибемізді тек осында қалдырмай, ауыл-аудан жастарына да дұрыстап жеткізе білуіміз қажет. Сонда ғана біздің талқылаған мәселеміз шешіліп, жастар саясаты жүзеге асатын болады. Демалыс аймағында да өткізіп жатқандарын қолдаймыз, тыныш жерде өздерінің мақсаттарын дұрыстап анықтап алады”. 

Оқу-жаттығу шарасына жарты миллион теңге жұмсалған
«Оқу-жаттығу шарасына жарты миллион теңге жұмсалды

Өзге өңірдегі әріптестері алдындағы абыройын жоғалпас үшін айтулы шараға облыстық жастар орталығының басшылығы жарты миллион теңгені жұмсады. Бұған қоса көшбасшылардың жағдайын ойлап, оларды “Қасқасу” демалыс аймағында оқытуды жөн көріпті. Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, қаржының басым бөлігі Түркия мен асталақ жаттықтырушыларға төленген. Бірақ мұнша шашылуды олар орынды деп есептейді екен. Жұмыссыздықпен күресу үшін тапқан әдістері әзірге осы.

Ханай Әшірбеков, ОҚО “Жастар Орталығы” МКМ директоры: “Бізге ең бастысы еліміздің бар өңіріндегі еңбек миграциясы. Бұл үшін бізде кадрлар бар. Біздің жастар өзге облыстарға барып жұмыс жасай алады. Бұл мақсатымыз заңды түрде жүзеге асады. Олардың құжатсыз жұмыс істемеуі үшін бар жағдайды жасаймыз”.

Оқу-жаттығу шарасы 2 күн аясында өрбіді. Жастолқынның аз уақыт ішінде қаншалықты қарқ қылғандарын уақыт көрсетеді. Айтпақшы, “Жастар орталығының” көшбасшыларымыз деп есептейтіндер еңбек миграциясы аясындағы меморандумға қол қояды. Айтуларынша, Бұл арқылы жұмысқа зәру жастолқын қазақстанның басқа өңірінен де жұмыс табуына болады. Ал қомақты қаржы жұмсалған шараның нәтижесі алдағы күндері жемісін береді деген үміт те жоқ емес.