Оңтүстіктің инвестициялық жобалары көрмеге қою арқылы өңірге инвесторлар тарту көзделіп отыр. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған көрменің ерекшелігі де сол.
Сапарбек Тұяқбаев, ОҚО әкімінің орынбасары: «Кейбір инвесторлар ауданға барады. Жасыратын түгі жоқ, тиісті жауаптарын ала алмай қайтады. Сол себепті үдемелі индустриялық даму бағдарламасы болғандықтан, мүмкіншілікті пайдалынып, инвесторларға барлық ақпараттар түсіндіріледі, бірден меморандум түзіледі».
Ұйымдастырылған шараға шетелдік инвесторлар да қатысты. Оңтүстіктің өнімдеріне қызығушылық танытқан оңтүстік кореяның өкілі болды.
Бұл шара облыс орталығында әр сенбі күні өтетін болады. Оған апта сайын үш аудан өзінің индустриалды әлеуетін ұсынбақ. Келесі жиналатын жобалар инвесторлардың көңілінен шыға ма, жоқ па оны уақыт көрсетеді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=PKr6jys_D5w[/youtube]