оқыс оқиға орын алған кәсіпорын

Шымкенттегі кәсіпорындардың бірінде бір адамды тоқ соғып, оқиға орнында көз жұмды. Оның серіктесі – ауруханаға жеткізілген.

оқыс оқиға орын алған кәсіпорын
оқыс оқиға орын алған кәсіпорын
А. Назаров
А. Назаров

Оқиға «Меланж» акционерлік қоғамының фабрикасында, электрмонтаждау жұмысын жүргізу кезінде орын алған. Өндіріс орнында қайтыс болған азамат 53 жаста екен. Ал күйік шалып, аурухана төсегіне таңылған бас энергетик 1952 жылы туылған. Облыстық жедел-жәрдем ауруханасында терапия бөлімінде ем қабылдап жатқан ол, оқыс оқиғаның орын алуын подстанцияға жоғары кернеулі тоқтың бірден келуімен түсіндірді. Бүгінгі таңда күйік шалған азаматтың жағдайы жақсы.

Ахмет Назаров, жедел-жәрдем ауруханасы терапия бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы: «Түске кезде жағдайы орташа қалыпты еді. Қазіргі кезде емнің нәтижесінде аурудың жағдайы жақсарып қалды. Бүгінгі күнге аурудың өміріне келіп-кететін қауіп жоқ».

 

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=vfhFLu3wZXY[/youtube]