Өзбекстан азаматы қос жерлесін балталап өлтірді

205
Қос бірдей жерлесін өлтірген өзбекстандық

Түркістанда Өзбекстан азаматы қос бірдей жерлесін өлтіріп тастады. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды. Түркістан қаласындағы үйлердің бірінің ауласынан екі бірдей мәйіт табылған. Ал басынан ауыр жарақат алған үшінші шетелдік жұмысшы аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізіледі.

Қос бірдей жерлесін өлтірген өзбекстандық
Қос бірдей жерлесін өлтірген өзбекстандық

Дабыл бойынша көтерілген полицейлер үйдің иесі мен көршілерге сұрау сала бастайды. Нәтижесінде бір тәуліктің ішінде күдікті қолға түсті. Ол 35 жастағы Өзбекстан азаматы болып шықты. Тергеушілердің сұрағына жуап берген келімсектің сөзінен анық болғандай, ол өзінен әлдеқайда кіші жерлестерінен осы уақытқа дейін зәбір көріп келіпті. Жас жігіттер өздерінен үлкен отандастарын үнемі жәбірлеп, тамақтан қаққан. Бұл аз дегендей, төрт адамның жұмысын жалғыз істеуге мәжбүрлепті. Бұған шыдай алмаған күдікті түн ішінде ұйықтап жатқан үшеудің басын кетпенмен ұрған. Сосын ашумен үсті-үстіне балталап тастапты.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=SYjfVCzRr0w[/youtube]

Соның салдарынан екі адам оқиға орнында тіл тартпай кетіп, үшіншісі ауруханада хал үстінде жатыр. Қазіргі таңда тергеу амалдары жалғасуда. Қазақстан полицейлер күдікті азамат жайлы барлық мәліметті топтастырып, өзбекстандық әріптестеріне жолдаған. Мұндағы мақсат — сезіктінің Өзбекстанда қандай да бір қылмысқа қатысы барын анықтау.