Қазақстанда 100 мың теңгелік естелік монеталар айналымға шықты

638
100 мың теңгелік, 2 келі келетін алтын монета

 

100 мың теңгелік, 2 келі келетін алтын монета
100 мың теңгелік, 2 келі келетін алтын монета

Ел аумағында 100 мың теңгелік, салмағы 2 келі келетін монеталар пайда болды. ҚР Ұлттық банкі төл теңгемізге 20 жыл толуына орай естелік алтын-күміс монеталарды айналымға шығарды. Бүгінде «PROOF» сапасымен жасалған тиындар көпшілікке қолжетімді. Тіпті интернет-дүкен арқылы сатып алуға да мүмкіндік бар.

Қазақ хандары, «Астана бәйтерегі», «Қазақстан тәуелсіздіге — 20 жыл».  Аталған бейне-жазулар алтын-күміс монеталардың бедерінен орын алған. 999 сынамадан жасалған алтын теңгенің небәрі 60 данасы шығарылған, күмісі — 200 данамен жасалған. Алтын монеталардың әрқайсысы 25 миллион теңгеден. Ал күміс монета 224 мың теңгеге бағаланып отыр. Бұған қарамай, қызығушылық танытқан нумизматтардың қатары қалың. 

 Асым Сауыртаев, ҚР Ұлттық банкі, ОҚОФ қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімінің

Ел аумағында алтын монета - 60 данамен шығарылған. Ал күмісі
Ел аумағында алтын монета — 60 данамен шығарылған.

бастығы: «Бүгіннен бастап сатылымға шығардық, осыдан бір апта бұрын түскен. Алатын адамдар өте көп. Біз тағы да енді ұлттық банкіден сұраймыз, бірнешеуін біздің қаламызға , облысымызға берсін деп. Алтын монетаның салмағы — 2 кг, күміс монатаның салмағы — 1 кг».

Мерейтойлық монеталар сатылымға шыққан алғашқы күннің өзінде, көпшілік ұзын-сонар кезек күтіп тұр. Облысымызға әзірге әрқайсысының 2 данасы ғана жеткізіліпті. Ал бұрын-соңды мұндай монета көрмеген жерлестеріміз, таң-тамаша болып жүр.

Асқар Әзімбаев, қала тұрғыны: «Алсам деген ойым бар. менің қызығушылығым, мен негізі сәулетшімін. өнер адамымын. Бұл нумизматика менің хоббиімнің бір түрі. Ал енді орындалу технологиясы дейміз, маған өте қатты әсер етті. Және оның дизайны да ерекше».

Өңіріміздегі ұлттық банк қызметкерлерінің айтуынша, аталған алтын монета нумизматтар арасында үлкен сұранысқа ие болып жатыр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=p7V2mKG21WY[/youtube]