«Жеңіске жетудің кілті» атты шара қорытыланды. «Бота» қайырымдылық қоры мен Әйелдер ресурс орталығының ұйытқы болуымен көпбалалы отбасыдан шыққан 153 жас арнайы кәсіби білім алуға мүмкіндік алды. Олардың арасында аяқ-қолды әрлеу бойынша 78, пішіп тігуді үйренген 24, ал шебер көркемдеуші кәсібін меңгерген 50 шәкірт сертификатты болған.
Айта кету керек, бұл жағдайы төмен отбасылардан шыққан шәкірттерге оқу тегін жүргізілген. 14 пен 24 жас аралығындағы білім алған жастардың біразы бүгінде жұмыспен қамтылған.
Айнұр Майқыбекова: «Бізде оқыған жастар қазір салондарда жұмыс істеп жатыр. Ал өзіміз оқытқан орынға оқу кезінде белсенділік танытқан икемді екі қызды жұмысқа алдық. Олар қазір істеген жұмыстарына байланысты қаржы табуда».