ОҚО полицейлері 17 жылдан кейін адам өліміне қатысты күдіктілерді ұстады. Бұған дейін қылмыскерлер басқа мемлекетте бой тасалап келген. Қылмыс 1996 жылы 1 қаңтарда Сайрам ауданында болған. Жекеменшік үй аулаларының бірінен полицейлер жарақат алып, қаза болған ер адамның денесін табады. Тергеу-тексеру барысында тәртіп сақшылары қылмысқа күдіктілерді анықтады. Олар Оңтүстік Қазақстан және Қырғызстанның азаматтары екендігі анықталды. Күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланды. ПолицейлерІздеудегі күдіктілердің ізіне түсті. Ресей Федерациясының аумағына келіп тіркелген олар шетелдік азаматтарды тексеру кезінде анықталды. ОҚО ІІД криминалдық полиция қызметкерлері РФ әріптестерімен күдіктілерді Кемеров облысының Тайга қаласында ұстап, уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Осы уақытқа дейін күдіктілер полицейлердің есебінде Өзбекстан Республикасында жекеменшік үйлердің бірінде өрттен қаза болды деп келген.