Аңшылық маусымы ашылды
Аңшылық маусымы ашылды
Аңшылық маусымы ашылды

Қоңыр күздің келуімен Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде көптен асыға күттіріп, қызығына батырған аңшылық маусымы ашылды.

Таңғажайып табиғатымен тамсандырар ұлттық парк аумағында тау теке, елік, қабан, борсық, қоян сияқты аңдармен қатар қырғауыл, шіл, кекілік, бөдене сияқты жабайы құстарға әуесқойлық аңшылық жасау үшін арнайы рұқсат қағаздары (лицензия) сатылады. Ұлттық парктің территориясындағы аңшылыққа парктің арнайы бөлініп белгіленген жерлеріне арнайы берілген жолдама ғана жарамды болып табылады. Жолдама алу үшін жарнасы төленген аңшылық куәлігі мен аңшы қаруының рұқсаты болуы керек. Аңшылар жабайы аң-құстарды жолдамада көрсетілген аң аулау мерзімінде және мөлшері бойынша аулауы тиіс. «Киіктің де киесі бар» демекші, рұқсаттан тыс аң аулаған аңшыларға әкімшілік жаза қолданылып, айыппұл салынатынын ескертеміз.

35-010

Табиғатымыздың байлығы жануарлар дүниесін қорғау міндеті мемлекеттік аңшылық инспекциясына, орман күзетшілеріне, аңшылар мен табиғатты қорғаушылар қоғамдастығына, жергілікті атқару органдарына, пайдаланып жүрген жерінде аңшылыққа жарамды жерлері бар басқа да шаруашылықтардың басшыларына жүктелген. Жабайы аңдар мен құстарды қорғаудың жаңа ережелері – мемлекеттік заң. Бұл заңды бұлжытпай орындау – Отанымыздың табиғат байлықтарын сақтап, көбейтудің бірден бір жолы.

Е.Орақбаев, «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық паркінің жануарлар дүниесінің өсімін молайту бөлімінің бастығы