«Ақ мешіт әулие» үңгірі – тіл, көз, дуадан арылтады

Біз үңгірде бір жарым сағат көлемінде болдық. Барған әрбір адам ең алдымен денелерінің жеңілдеп қалғанын жеткізді. 35 метр биіктікке үңгірден шыққанда ешкім шаршамағандығын айтты. 3-адамның «биоөрісін» қайта тексергенде барлығының қалпына келгендігіне көз жеткіздік.

Аңызға сенсек бұл үңгірге кезінде 10 мың әскер еркін сыйған дейді. Бұл — Оңтүстік Қазақстан облысының Бәйдібек ауданы, Көктерек ауылының жанындағы Қаратау сілемінің бөктеріндегі киелі «Ақ мешіт әулие» үңгірі. Бүгінде мұнда келушілер қатары артқан. Бұл үңгірдің өзіндік тылсым сыры барын сезінгендер де аз емес.

«Ақ мешіт әулие» үңгірі –   тіл, көз, дуадан арылтады
«Ақ мешіт әулие» үңгірі –
тіл, көз, дуадан арылтады

Жер бетінде киелі орындар көп. Мәселен, Ресейде емдік қасиеті бар «Репино» деген жерге халық жан-жақтан ағылып келіп жатады. Бұл жерде адам ағзасына ем: қуатты, толқынды ауа ағымдары шоғырланған. Американың ғарышты зерттеу орталығының («НАСА») мәліметтері бойынша, күмбез шаңырақты ғимараттарда шоғырланған космостық энергия ауаның құрамындағы ионды бөлшектерді өзгертіп, ауадағы келеңсіз бактерияларды жойып, тазартатындығы зерттелген. Ондай ғимаратта болған адам жеңілдеп, биологиялық ағзасы (аурасы) тазарады. Содан ой-сана сезімі өзгеріп, қатыгездіктен, жаман ойлардан арылады. Мамыражай қалыпқа бөленіп, мейірімділікке құштар болады. Денсаулығында кінәраттар болатын болса, кір энергиядан арылып, ағзадағы клеткалардың жұмыстары жақсарып, иммундық күш қуаты оянады. Денесі келеңсіз аурулардан тазарады. Ертедегі Египет абыздары, мыңдаған жыл бұрын салынған шаңырақ күмбез іспеттес пирамиданың қасиетін адамдарды рухани қайта түлету үшін пайдалана білген.

«Ақ мешіт әулие» үңгірінің қасиетін білу үшін тәжірибе жүзінде зерттеу жүргізгенде, оған барған 10 адамның ағзасының аурасы тексерілді. Сонда олардың арасында 3-адамның биологиялық ағзасының бұзылғандығын арнайы биолакациялық құрал көрсетті.
«Ақ мешіт әулие» үңгірінің қасиетін білу үшін тәжірибе жүзінде зерттеу жүргізгенде, оған барған 10 адамның ағзасының аурасы тексерілді. Сонда олардың арасында 3-адамның биологиялық ағзасының бұзылғандығын арнайы биолакациялық құрал көрсетті.

Осындай киелі жерлердің бірі – «Ақ мешіт әулие» үңгірі. Қасиетті үңгір 250 м биіктікте таудың сілемінде орналасқан. Кіре беріс үңгірдің ені шамамен 10-15 м көлемінде. Сырттағы ыстық +35°С +40°С болса, арнайы орнатылған темір сатымен 35 м төмен түскенде, үңгірдің іші қоңыр салқын, +18, +20°С салқын леп ұрып тұрады. Үңгірдің бір кереметі – ені 60-80 м, ұзындығы 120 м, биіктігі шамамен 35 м күмбез іспеттестігі. Ішінде түрлі ағаштар мен өсімдіктер, құстар бар. Үңгірдің ортасында биіктігі 10-15 м, көптеген жылдан бері жиылған қазақта «киелі құс» деп аталатын үкі саңырығының үйіндісі жатыр. 73-жастағы шырақшы Асқар (суретте) ақсақалдың айтуынша бұл құстың саңырығы жүздеген жылда жиылған екен. Кейінгі жылдары үкі үңгір ішінде неше түрлі жұмыстар жүргізіле бастағандықтаң ұшып кетіпті.

 Әулие үңгірдің шырақшысы жасы 70-тен асқан  ақсақал келген адамдарды ертіп, кем дегенде 5-10 рет мешітке түсіп шығады. Шаршауды білмейді. Киелі орынның кереметі де осында.
Әулие үңгірдің шырақшысы жасы 70-тен асқан ақсақал келген адамдарды ертіп, кем дегенде 5-10 рет мешітке түсіп шығады. Шаршауды білмейді. Киелі орынның кереметі де осында.

Киелі «Ақ мешіт әулие» үңгірі күмбезінің әр жерінен су тамшылап тұрады. Күмбез шаңырақтың қасиетінің арқасында судың тамшылары қысы – жазы тамшылағанымен ауада ешқандай келеңсіз патогенді ауру бактериялары болмайды. Сондықтан мұнда көгеру, шіру деген жоқ. Мен биолакациялық құралмен асықпай үңгірдің әр метрін тексеріп шыққанда, ішінен адам денсаулығына кері әсер ететін геомагнитті толқынды әсерлерді таппадым. Геомагнитті толқын деп – солтүстіктен оңтүстікке, шығыстан батысқа бағытталған геомагнитті жолақтарды айтамыз. Егер де сіздің жұмыс орныңыз немесе жатын төсек орныңыз осы жолақ бойында орналасатын болса, адам қан-тамыр, буын ауруларына және қатерлі ісік ауруларына бейім болып, адам ағзасын кір энергия жаулап алады. Біз «Ақ мешіт әулие» үңгірінің қасиетін білу үшін тәжірибе жүзінде зерттеу жүргізгенде, оған бара жатқан 10 адамның ағзасының аурасы тексерілді. Сонда олардың арасында 3-адамның биологиялық ағзасының бұзылғандығын арнайы биолакациялық құрал көрсетті. Біз үңгірде бір жарым сағат көлемінде болдық. Ал, келген әлгі он адамның әрқайсысы ең алдымен денелерінің жеңілдеп қалғанын жеткізді. 35 метр биіктікке үңгірден шыққанда ешкім шаршамағандығын айтты. 3 адамның «биоөрісін» қайта тексергенде барлығының қалпына келгендігіне көз жеткіздік. Қазіргі таңда киелі мекенге Алматыдан, Тараздан, Қызылордадан, Шымкенттен өзге ұлттың адамдары да ағылып келіп жатқанын алға тартты мешіт шырақшысы. 70-тен асқан шырақшы ақсақал келген адамдарды ертіп, кем дегенде 5-10 рет мешітке түсіп шығады. Шаршауды білмейді. Киелі орынның кереметі де осында.

Біз  үңгірде бір жарым сағат көлемінде болдық. Барған әрбір адам ең алдымен денелерінің жеңілдеп қалғанын жеткізді. 35 метр биіктікке үңгірден шыққанда ешкім шаршамағандығын айтты. 3-адамның «биоөрісін» қайта тексергенде барлығының қалпына келгендігіне көз жеткіздік.
Біз үңгірде бір жарым сағат көлемінде болдық. Барған әрбір адам ең алдымен денелерінің жеңілдеп қалғанын жеткізді. 35 метр биіктікке үңгірден шыққанда ешкім шаршамағандығын айтты. 3-адамның «биоөрісін» қайта тексергенде барлығының қалпына келгендігіне көз жеткіздік.

Қазақы көзқарас, дәстүрмен айтатын болсақ, «Ақ мешіт әулие» үңгірінің кереметтілігі сол – адам ағзасын байлайтын жаман энергия: тіл, көз, дуа және жаман жердің геомагнитті әсерлерін сылып тастайтындығында! Қазақта «жүз рет естігенше бір рет көр» деген сөз бар. Бізге сенбесеңіз, өзіңіз барып көрерсіз….

Мұсатілла ТоҚанов, ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты

Түйін:

Біздің Қазақстан өңірінде дүние халқы қызығушылық танытатын, теңдесі жоқ өлкелер мен зәулім тарихи кесенелер көптеп кездеседі. Ал «Ақ мешіт әулие» үңгірі – табиғаттың өзі құрастырған киелі жер. Жасыратыны жоқ, жарты сағат тәу етіп келген адам, киелі жердің қасиетін өз ағзасымен толық сезіне білу мүмкін емес. Кем дегенде күніне екі рет «Ақ мешіт әулие» үңгірінде намаз оқып, Алла Тағалаға құлшылық жасап, медитация жасаса (1,5 – 2 сағат, 7 күн) емдік қасиеті зор болады. Бүгінде қай жағынан алғанда, «Ақ мешіт әулие» үңгірі экотуризмге сұранып тұр. Егер мешіт жанынан арнайы адамдар қонатын кемпингтер салынып, қазақтың емдік қасиетті шұбаты мен қымызының, басқа да ұлттық тағамдар мәзірі қолға алынса, халық ағылып келетін ұлттық емдік орны болатындығы айқын. Киелі «Ақ мешіт әулие» үңгірі жоғарғы күш қуатты, таза энергетикалық ауа ағымдары шоғырланған толқынды аймақ. Күмбез шаңырақты құрылымы адам ағзасына оң әсер етіп, адам ағзасын кір энергиядан (тіл, көз және геомагнитті толқын әсерінен) тазартып, иммундық күш қуатын оятып, келеңсіз ауру-сырқаудан арылтады. Зерттеу тәжірибесінде, «Ақ мешіт әулие» үңгіріне түсер алдында және шыққаннан соң, «тонометрмен» қан қысымдарын өлшегенде, жоғары болып тұрған қан қысымдары 20-30 өлшемге төмен түскендігі анықталды. Мен сияқты тылсым дүниені зерттейтін ғалымдар күнделікті 5-10 адамның кір энергиясын тазарта алатын болса, киелі «Ақ мешіт әулие» үңгірі күнделікті мыңдаған адамды тазарта алатын денсаулық «меккесі» деуге тұрарлық!