Әл Фараби ауданына қарасты «Гидролизный» шағынауданы ның тұрғындары қайда барарын білмей дал. Тұрып жатқан үйлері әне-міне құлағалы тұр. Ал аудан басшылығы сараптама жүргізу үшін әлі бір ай уақыт керек дейді.
Іргесі сөгіліп, қабырғасы құлағалы тұрған үйде тұрмақ түгілі кірудің өзі қорқынышты. Апатты жағдайдағы үйлердің ахуалына алаңдаулы алпыс шақты шаңырақ бүгінде жандарын шүберекке түйіп отыр. Тұрғындар баспанамыз көз алдымызда қирап бара жатыр дейді.
Альберт Мирзоев «қабырғаның қарс айырылған жеріне мынадай қағазды күн сайын жапсырамыз, күн сайын жыртылады. Балалар күндіз үйге кіруден қалды. Түнде шошып оянатынды шығарды, баратын жер таппай отырмыз» дегенді айтады.
Мұндағылар пәтерлерін шама-шарқылары келгенше әрлеп әлек. Алайда, пәтерлер былтыр ғана жөндеу көрген деп айта алмайсыз. Тарам-тарам болған қабырғаларды тіпті түсқағаздар да жасыра алмай тұр. Тұрғындар тозығы жеткен құбырлардан кеткен су үйіміздің іргтесын отырғызып бітті дейді.
Олардың айтуына қарағанда су саласы мамандарының салғырттығы үйлерді аппаты жағдайға бір-ақ жеткізген. Ал аудан басшылығы алдымен сараптамалық жұмыстарды жасауымыз қажет. Қорытынды апатты жағдайға кінәлі «Су арнасы маркетинг»деп тапса, онда бар шығынды мекеме көтеретін болады деп отыр.
Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Қалжанов «тұрғындарды уақытша баспанамен қамтамассыз етуге де мүмкіндік бар, су арнасы мамандарымен де келіссіздер жүргізіп жатырмыз» дейді. Істің мән-жайын сараптама қорытындысы анықтайтын болады.
Жалпы, зерттеу жұмыстары тұрғындар есебінен жүргізілуі керек. Егер халық оған келіспесе зерттеу жұмыстарының шығынын мемлекет мойнына алады. Алайда, оның құжаттамасын жасаудың өзі бір айдай уақытты қажет етеді.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=nmjG3PYaog4[/youtube]