«Арыс жағасында» ретро-фестивалі өтті

893
Шымқалада кезекті рет «Арыс жағасында» ретро-фестиваль өтті. Дәстүрлы шара осы жолы елімізге танымал өнер майталмандары - Мұхтар Шаханов, Исрайл Сапарбай, Сүгірәлі Сапарәлиев, Сапарбек Медеубеков, Әшірхан Телғозиевтың шығармашылығына арналып отыр. Халықтың қазынасына айналған әндер орындалған айтулы кешті тілшіміз Мөлдір Бекеева да тамашалап қайтты.

 

Шымқалада кезекті рет «Арыс жағасында» ретро-фестиваль өтті. Дәстүрлі шара осы жолы елімізге танымал өнер майталмандары – Мұхтар Шаханов, Исрайл Сапарбай, Сүгірәлі Сапарәлиев, Сапарбек Медеубеков, Әшірхан Телғозиевтың шығармашылығына арналып отыр. Халықтың қазынасына айналған әндер орындалған айтулы кешті біз де тамашалап қайттық.
Елге сағынған сазды сыйлайтын фестиваль алдымен Ұлы сазгер Шәмші Қалдаяқовтың ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан бастау алды. Қазақ вальсінің падишасы құрметіне арналған шара жыл сайын елге еңбегі сіңген өнер майталмандарының шығармашылығын насихаттауды әдетке айналдырған.
Ұлы композитордың ескерткішіне ұзақ қараған топ, әннің құдіретін мойындап, өміршеңдігіне тәнті болуда

 

Биылғы шара ақын-сазгерлердің шығармашылығына арналып отыр. Ал ұйымдастыуршылардың айтуынша, мәдени шараның ерекшелігі бұл ғана емес.
Биыл 4-ші рет қолға алынған фестиавальде ретро әндердің жанкүйерлеріне айналған өнерпаздар қатысып отыр.

 

Көрермендер көз алмай, кешті тамашалап отыр. Жоғары дәрежеде қолға алынған шара ерекшелікке толы деп отыр ұйымдастырушылар. Күлия Айдарбекова, ОҚО Мәдениет басқармасының бастығы: «кештің ерекшелігі сол – жаңағы, ең бірінші сол кісілердің аман-сау рахаттанып марқайып отырған сәті. екншіден бүгінгі реро-фестивальда әншілер тек біздің облысымыздың опера-балет театрының әншілері, облыстық филармоняның, облыстық әзіл-сықақ тетатрының, мынау хор ұжымы Сайрам мен Түлкібас аудандарынан шақырылған».

 

Айтулы кеш қаһармандароының шығармаларымен бірге, сазгер Шәмші Қалдаяқовтың әндері де шарықтай шырқалды.
Көпшілік «Шәмші әлемі» гүлзарына жаппай жиылды. Орындық бұйырмағандары түрегеліп тамашалады кешті.
Бұл сәтте аққулар да салтанатын құрып, кештің сәнін кіргізді
Ауқымы кең шараның жүргізушілері ретро-кешті ойдағыдай алып шығуы үшін 2 ай көлемінде дайындалыпты.
Шәмші әлемі гүлзары. Сағыныш әндер. Өмір естеліктері. Кеш қонақтары сол бір кезге қайта оралғандай әсерде отыр.
Айтулы кешке келушілер саны бірте-бірте арта бастады.

 

Ал кешке келушілердің қарасы қалың болды. Жүздері бал-бұл жайнап, саңлақ сазгерлердің әндеріне сусындап отыр.
Асылжан Жүнісхожаев: «Кішкентаймыздан осындай бір лирикалық, қазақтың бір әндері жақын тұрады, жүрегімізге жақын. Әке-шешеміз де тыңдап өсті, сондықтан осы әндер бізге жақын».
Жігіттер де сахнаалды дайындығын пысықтап, көрерменнің жүрегін жаулауға асығып отыр
Мархабат Бейсенова, әнші: «Мен сахнада ән айтып тұрған кезімде көз алдыма көп дүниелер елестеді. Мен тұрмысқа шықпағанмын,сондықтан болашақ жарыммен бақтты болуымды елестеттім»

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=wZANQ0IiX-0[/youtube]