Бұрынғы стадион осы күнге дейін күрделі жөндеу көрмепті
Бұрынғы стадион осы күнге дейін күрделі жөндеу көрмепті
Бұрынғы стадион осы күнге дейін күрделі жөндеу көрмепті

Арыс ауданында футбол мектебінің ғимараты және стадион трибунасын күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

1963 жылы салынған стадион осы уақытқа дейін күрделі жөндеу жұмыстарын көрмеген. Сәуір айында басталған жөндеу жұмысына жергілікті бюджеттен 29 160,0 млн теңге қаржы бөлініп отыр.

Қаражат мақсатымен жұмсалып отырғандығын айтқан әкім орынбасары келесі жылға дейін көрермендер отыратын орындықтар ауыстырылып, оның төбесі жабылып, алаң көгалдандырылатын болады деді.

Бақтығали Ділдәбеков, Арыс қаласы әкімінің орынбасары: «Спорт кешеніне 7 млн. теңге қаржы бөлінді. Келесі жылға қалып отыр. Стадион маңынан спорт кешенін салу жоспарда бар. Оған 150млн теңге қаржы бөлінген».