Ата-аналар зияткерлік мектепке бөлінген грантқа наразы

Жиналған ата-аналар өздерінің жалғыз еместігін айтады. Резервте тұрған 500-ден астам баланың ата-анасы қол жинауға кірісті

Қазақ жерінде тұрып, неге басымдық мемлекеттік тілге берілмейді. Бүгін осылай деп ашынған 40-қа жуық шымкенттік ата-ана бас қосып, баспасөзге ойын ашық айтты.

Назарбаев зияткерлік мектебіне құжат тапсырған оқушылардың ата-аналары  «Өркен» грантын бөлу туралы комиссия шешімін қайта қарауды талап етуде.

Жиналғандар қазақ сыныптарына іріктеудің екінші кезеңінде талапкерлердің басым болғандығын ескерсе дейді. Олардың мәлімдеуінше, орыс бөліміне тапсырған оқушылардың 85,7 пайызы грантқа ие болса, олардан 4-5 есе көп қазақ тіліне тапсырған оқушылардың 19,7 пайызы ғана зияткерлік мектепте оқуға мүмкіндік алған. Қалғаны резервте тұр.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=j5dE8baAYNg[/youtube]

Қазақ топтарына құжат тапсырған балалардың орыс тобының оқушыларына қарағанда жинаған ұпайлары жоғары болғанымен, грантқа орын аз болғандықтан резервте тұр
Қазақ топтарына құжат тапсырған балалардың орыс тобының оқушыларына қарағанда жинаған ұпайлары жоғары болғанымен, грантқа орын аз болғандықтан резервте тұр

Зияткерлік мектеп табалдырығын аттаймыз ба деген ата-аналардың үміті жылдап ақталмай келеді екен. Бұл биыл іріктеуден өткен де, өткен жылы тапсырған оқушыларға қатысты болып тұр.

Олар білім және ғылым министрлігініне де ашық хат жолдапты. Бірақ, әлі жауап келмеген. Ата-аналар наразылардан қол жинауға кірісті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=b-s56awzEAc[/youtube]