облыс әкімі Бәйдібекте

Бәйдібек ауданында ағымдағы жылдың алғашқы алты айында атқарылған істер көңіл көншітпейді. Қай саланы алып қарасақ та қолға алынған шаруаның ақсағандығы байқалады. Осыған байланысты аудан әкімдігіне облыстық басқармалар тарапынан 100-ге жуық сын- ескертпелер жолданған. Алайда ол сындар да жөнделмеген.

облыс әкімі Бәйдібекте
облыс әкімі Бәйдібекте

Бәйдібек ауданында 3 мектептің, 12 амбулаториялық бөлімшенің ғимараттарын қайта салу қажет. Оның үстіне ауданға қарасты ауылдарда бос тұрған жекеменшік ғимараттар көп. Соларды мемлекет меншігіне өткізіп, жоғын түгендеуге кіріскен аудан әкімінің ісін облыс басшысы құптағанымен, қаржы үнемдеуді тапсырды.

Өңір басшысы ауданда жөндеуден өтіп жатқан алты көпірдің құрылыс жұмыстарымен де танысты. Боралдай өзені көпірінің құрылысын жүргізіп жатқан мердігерлерді сапаға көңіл бөлуге шақырса, аудан билігін облыстық маңызы бар жолдарын жөндеуге сметалық құжаттарын дайындауға тапсырма берді.

кездесу барысы
кездесу барысы

Егістік алқаптарды пайдалану мәселесі ауданда кенжелеп қалған. Бір ғана «Кюсмюшлар» жаупкершілігі шектеулі серіктестігі ғана 400 гектар жерге күнбағыс еккен. Бірақ оның өзі шеттен келген инвестор. Қалған егіске жарамды 34 мың гектар жер игерілмей жатыр. Ауданда атқарылған істердің барлығын сараптап көрген облыс басшысы аймақ экономикасын еселеу бағытында жұмыстар атқару керектігін тапсырды.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=AM26ZnFwtc0[/youtube]