Бассейндердің санитарлық тазалығы тексерілуде

4 бассейннің біреуі талапқа сай болмаған
4 бассейннің біреуі талапқа сай болмаған
4 бассейннің біреуі талапқа сай болмаған

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша 44 бассейн жұмыс істейді. Осы жылдың бірінші жартысында тек қана 4 бассейн тексерілген. Тексеру барысында бактериологиялық зерттеуге 26 су сынамасы алынып зерттелді. 4 бассейннің біреуі талапқа сай болмаған. Ал 4 бассейннен 21 су сынамасы алынып, химиялық зерттеу жүргізілген. Нәтижесінде барлығы санитарлық талапқа сай болып шығыпты.

Тексеруде анықталған кемшіліктер бойынша қаладағы «Марс» бассейніне 8 655 теңге көлемінде айыппұл салынған. Демалыс орнын жоспарлы тексеруге барған Сайрам ауданы бойынша МСЭҚБ маманын ондағылар аулаға кіргізбей қойған. Соған байланысты шара көру үшін құжаттар құқық қорғау органдарына өткізілді.

«Тұлпар» демалыс аймағына химиялық зерттеуге алынған 3 су үлгісі санитарлық талаптарға сай болып шықты. Тексеру барысында химиялық зерттеуге 3, бактериологиялық зерттеуге 3 су үлгісі мен 3 топырақ үлгісі алынды, үлгілер зертханада зерттелуде.

Тағы бір айта кететіні, қаладағы субұрқақтарға кішкентай балалар шомылады. Субұрқақтар негізінен тек сән үшін әрі сол жердің ауасын тазалауға арналған. Бірақ, оны ешкім барып санитарлық тұрғыдан тазаламайды. Соның ішінде қаншама зиянды бактериялар бар. Балалардың субұрқақтарда шомылмауын қадағалау қажет.

Дерек көзі: «ШЫМКЕНТ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ»