Ойын жеңімпазы қайдасыз? «БТА» банкінің шымкенттік филиалының ұжымы өздері ұйымдастырған ұтыстың жүлдегерін іздеп жатыр. Жерлестеріміздің бірі нетбук ұтып алған. Бірақ айтулы сыйды алуға келмей жатқан көрінеді. «БТА» банкі енді сыйлық иесін телеарна арқылы іздеуге көшті.
Заманауи нетбуктың иегері жерлесіміз Қанат Аметбаев. Бірақ жеңімпаздың қарасы көрінбеді. Сондықтан банктің қызметкерлері ойыншылар жазылған тізімнен іздеуге көшкен. Бірақ Қанаттың өзі жазған телефон нөмірі мен үйінің мекен жайы дұрыс көрсетілмепті.
Марат Пернебайұлы, «БТА» банкінің ОҚОФ директоры: «Бұл жігіттің мәліметтері тура болмай шығып, біз жеңімпазбен хабарласа алмадық. Егер де жеңімпаз көріп отырған болса, офисімізге келіп, өз ұтысын алып кетуді өтінеміз. Бұған қоса, егер де сіздер біздің компаниянға келіп, сақтандыратын болсаңыздар күнделікті жүргізушілерге 20 литр бензинді сыйға тартып отырамыз. Біздің облыстық филиалға сақтандыруға жүгінсеңіз болғаны».
«БТА» банкінің шымкенттік филиалы ұйымдастырған ұтыс ойынында аталған нетбуктан бөлек, су жаңа автокөлік те тігілген. 15 жылдық мерейтойына арналған айтулы ойынға кезкелген үміткер қатыса алады. Тек қаласаңыз болғаны және қатысу үшін қойылған шарттар да қарапайым.
Бар дүниені сақтандыруға болады: автокөлік, жылжымайтын мүлік, тағысын-тағылар. «БТА» банкінің шымкенттік филиалы Темірлан тас жолы бойындағы, «Марс» бизнес орталығының ғимаратында орналасқан.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=xNUseXqNcK4[/youtube]