Марат Жақсыбаев 66 жасында бақилық болды
Марат Жақсыбаев 66 жасында бақилық болды
Марат Жақсыбаев 66 жасында бақилық болды

Қазақ спорты орны толмас қайғыға душар болды. Даңқты боксшы, білікті бапкер Марат Жақсыбаев 66 жасқа қараған шағында ауыр науқастан көз жұмды. Марат Жақсыбаев 1948 жылдың 27-сәуірінде Арыс қаласында дүниеге келген. Көптеген халықаралық бокс бәсекелерінде жеңіске жеткен. КСРО чемпионатының жүлделеріне ие болып, спорт шебері атанған.

1975 жылы «Спартак» Еріктілер спорт қоғамында бапкерлік қызметтен бастаған Марат Жақсыбаев Талғат Жолдасбаев, Қуаныш Жайлауов, Нұржан Қосмамбетов сынды бокс саңлақтарын тәрбиелеп шығарды.

2003 жылы «Спортқа еңбегі сіңген қайраткер» атағы беріліп, Арыс және Шымкент қалаларының құрметті азаматы атанды. Төрт перзент сүйіп, 6 немере көрген бапкердің құрметіне Марат Жақсыбаев жүлдесі үшін халықаралық турнир өтіп келеді.

«Отырар» арнасы мен «Оңтүстік Рабат» газерттерінің ұжымы марқұмның туыстарына қаралы қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.