Зардап шеккен азамат

Денесін отқа күйдіріп алған ер кісі жанармай бекетін сотқа бермеймін деп отыр. Ол автокөлігіне газ отынын құйдырып жатқанда шыққан өртке шалдыққан болатын.

Зардап шеккен азамат
Зардап шеккен азамат

Еске сала кетейік, бұл келеңсіз жағдай таяуда Шымкенттен шығар берісте орын алды. Сарыағашқа қарай бет алған жүргізуші жолай автокөлігіне жағармай құйып алмақ болады. Жолдың шетіндегі жанармай бекеттерінің біріне тоқтап, газ құйдырып жатқанда шланганың ұшынан от лап ете қалады. Салдарынан жақын жерде тұрған жүргізушінің денесін өрт шалады.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=v1na-ExJcxo[/youtube]

Қазір зардап шеккен азамат ауруханада жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, оның денесінің 19 пайызға жуығы күйіп қалған. Бұған қоса  сол сәтте көлікте отырған 12 жасар қыздың да денесін күйік шалады. Қазір ол да ауруханада емделіп жатыр. Тілшілерге анық болғандай, жәбірленуші азамат жанармай бекетінің үстінен шағым жазбайды.