Үнемдеп үйренейік! ОҚО-ның жастар ақпараттық қызметі энергоүнемдеуге шақырады. Арнайы ұйымдастырылған семинарға қаланың бизнесмендері қатыстырылды.
Алла Какилбаева, Қазақстан жастар ақпараттық қызметінің өкілі: «Бұл тақырыпты көпшіліктің назарына жиі ұсыну қажет. Мен де біліміміді жетілдіру мақсатымен келіп отырмын».
Басқосудың мақсаты: қала тұрғындарын электр энергиясын үнемді жұмсауға үйрету. Мұндай жиын Шымкентте биыл екінші рет өткізіліп отыр. Ұйымдастырушылар кәдімгі электр шамынан бас тартып, заманауи энергоүнемдегіш шамдарды пайдалануға шақырады. Сонда электр жарығын 5 есеге дейін үнемдей аламыз дейді олар.
Елена Швецова, Шымкент қ. жастар ақпараттық орталығының директоры: «Көп адам қазіргі қолданыстағы шамның электр энергиясын артық пайдаланатынын білсе де, білмеген кейіп танытады. Бұл шамдар 2014 жылдан бастап өнідірістен алынып тасталынады».
Бірақ энергоүнемдегіш шамдардың қолданыстан кейінгі жойылуы жайында жиында ешкім тіс жармады. Заманауи шамдарды жоятын жер ойластырылмаған әлі. Сондықтан да Шымкентте энергоүнемдегіш кеңселер әлі ашылмаған.