Ит пен мысық асыраудың да өз тәртібі бар

1455
Ит пен мысық

Енді ит пен мысығыңызды аулада еркін жетектеп жүре алмайсыз. Үй жануарларына қатысты жаңа ережеде бұған тыйым салынған. Бұл тәртіпте, тіпті, бір баспанада асырауға болатын ит пен мысықтың саны да көрсетіліпті. Яғни, бір пәтерде екіден артық үй жануарын асырауға болмайды.

Ит пен мысық
Ит пен мысық

Шымкент тұрғындарының бірі — Людмила Юрченко өзінің үй жануарларын өте таза ұстайды. Қол басындай иттен келер қауіп жоқ дейді ол. Сондықтан да үй жануарларына қатысты ережеге өзгертулер енгізу керек — балалар ауласында тек үлкен төбеттерді серуендетуге тыйым салынса дейді зейнеткер.

Енді пәтердің ішінде күшік пен марғауды шүпірлетіп асырай алмайсыз
Енді пәтердің ішінде күшік пен марғауды шүпірлетіп асырай алмайсыз

Алайда, жерлестеріміздің барлығы бірдей үй ішінде ит пен мысық асырауды қолдамайды. Олардың пікірінше, ит пен мысықтың жүні кез келген жерге ұшады. Жануарларда болатын бүрге мен кене де келеңсіздік туғызады. Осы тұста үйіңіздегі ит пен мысық күшіктеп, дүниеге марғау әкелетіні тағы бар. Мамандар бұл жағдайда жаңа туған күшік немесе марғауды белгілі бір уақытқа дейін үйде ұстап, ары қарай көзін құрту керек дейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=jwEqeXii2B0[/youtube]

Көп пәтерлі үйлерде ит пен мысық асырауға қатысты жаңа ереже күшіне еніп те қойды. Енді алдағы уақытта үй жануарларын алып жүретін арнайы орындардың тізімі нақтыланып жатыр. Бұған қоса ит немесе мысық асырар алдында көршілердің рұқсатын алыңыз.