Шымкент қаласындағы облыстық перинаталдық орталығында дүниеге үшем келді. Үшеуі де қыз. Қасиетті Рамазан айында туылған балалардың анасы Айниса балапандарына Айман, Шолпан, Айжан деп азан шақырып ат та қойып үлгеріпті.
Құрбановтар отбасында бүгін үлкен қауныш, үлкен той. Олар бір мезетте төрт баланың ата-анасы атанды. Айта кету керек, бұған дейін Құрбановтардың отбасында бір ұлы болатын. Мамандардың айтуынша, сәбилер ай күніне жетпей туылса да, денсаулығында кінәрат жоқ.
Сәбилердің салмақтары 1 келеден сәл ғана асып жығылады. Алайда, жақсы күтім мен ана сүтінің арқасында балапандар салмақ қосып қалған.
Бір өкініштісі, көпбалалы ата-ананың жеке баспанасы жоқ екен. Олар қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірін жалдап тұрады. Шымкентте күнде үшем дүние есігін аша бермейтінін ескерген ел ағаларымыз бүлдіршіндерге қол ұшын береді деген ниет бар.
Ендеше, Құрбановтардың шаңырағына құтты болсын айта отырып, бүлдiршiндерiнiң бауы берiк болсын дегiмiз келедi. Осылайша, қазақтың саны көбейе бергей.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=O2rdc2Id8Go[/youtube]