Лиза Қадырқызы өмірден өтті

496
Баянқұлова Лиза Қадырқызы

Оңтүстік ардақты азаматынан айрылды. Ұлтаралық татулықты ту етіп, бірлік пен ынтымақты үлгі етіп жүретін жаны жайсаң Баянқұлова Лиза Қадырқызы өмірден өтті.

Баянқұлова Лиза Қадырқызы
Баянқұлова Лиза Қадырқызы

Соңғы жылдары облыстық «Ынтымақ» ұлтаралық этномәдени орталығын басқарған Лиза Баянқұлова Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Түркістан қаласының құрметті азаматы, мәдениет қайраткері, «Достық», «Парасат» орденінің иегері болды.

Икрамжан Кәрімжанов, облыстық өзбек этно-мәдени орталығының директоры: «Бұл апамыздан көп нәрсе үйрендік. Ұйымдастырушылық қабілеті өте күшті. Бүгін барлық этно-мәдени орталығының мүшелері анамызбен қимай қоштасты».

Қатира Кәдірбаева, №65 мектептің директоры: «Расында мұндай кісілер әлі де ұзақ өмір сүруі керек еді. Елге бұл кісінің бергенінен беретіні көп еді. Бұл кісі біздің үлкен анамыз деп айтсақ та болады. Қимаймыз».

Қоғамның дамуы үшін аянбай еңбек еткен асыл жанды, бүкіл оңтүстік жұрты ақтық сапарға шығарып салды. Еліміздің өсіп-өркендеуіне күш қуаты мен білімін жұмсап, бірлікті сақтауға барын салған Лиза Қадырқызының жаназасы өз үйінде өтті.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=piechzeWBTc[/youtube]