Мұнай құбырына жақын салынған баспаналар бұзылмайды

299
Баспана бұзылмайды. Сүйінші хабарды өңір басшысының өзі жеткізді

Баспанасыз қаламыз ба деген Қазығұрт, Сәуле шағынаудандарының тұрғындары тағы да шу шығарды. Бұл жолы облыс әкімдігінің алдына жиналған жұртшылық өңір басшысынан араша сұрайды. Сот шешімімен Павлодар-Шымкент мұнай құбырының бойындағы бірнеше үйдің бұзылуға жататынын бұрынғы бағдарламаларда айтқан едік.» Барар жер, басар тауы жоқ» тұрғындар «көшпейміз» деген талаптарын осы жолы жергілікті биліктің алдына төтесінен қойды.

Облыс әкімдігіне сот шешімін арқалай жеткен тұрғындар
Облыс әкімдігіне сот шешімін арқалай жеткен тұрғындар

Құрманкүл Бектасова, Қазығұрт шағынауданының тұрғыны: «Біз Мырзахметовке келдік. Қалалық әкім шеше алмады. Біз 5-6 жылдан бері соттасып келеміз. Үйлеріңді бұзасыңдар деп шешім шығарып қойды».

Бұл жерлер азаматтарға 2002 жылы, Сайрам ауданына қараған тұста беріліп кеткен. Мұнай құбырына жақын аумаққа үй салған оларды «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы сотқа берген болатын. Енді, қолдарында соттың шешімі бар жерлестер жылы орнын босатпауға бел буған. Керісінше, құбырды сыртпен өткізсін деген талап қойды.

Облыс әкіміне талаптарын төтесінен қойды
Облыс әкіміне талаптарын төтесінен қойды

Қайрат Үсембаев, Қазығұрт шағынауданының тұрғыны: «Біздің талабымызды орындамаса осы жерде жатамыз. Біз мүлдем көшпейміз, сол трубаны көшіріп әкетсін».

Ашуға булыққан тұрғындар қала әкімін де місе тұтпай, облыс басшысымен кездесуді талап еткен. Райынан қайтпаған халықпен Асқар Мырзахметовтың өзі кездесті.  Баспанасы үшін араша сұрай келгендерді тыңдап алған Асқар Исабекұлы шұғыл жиналыс өткізіп, бір шешім шығаратынын жеткізді.

Асқар Мырзахметов,облыс әкімі: «Барлығы заңға қайшы болып тұр. Соттың шешімі бар үй бұзылсын деген. Бірақ, дегенменде халықтың жағдайын қарап, сағат үшке жиналыс өткізейін деп отырмыз ғой. Басқа айналма жолдарын қарастырып дегендей».

Облыс әкімі әрбір тұрғынды тыңдап шықты
Облыс әкімі әрбір тұрғынды тыңдап шықты

Айтып ауыз жинап болғанша, облыс әкімі тұрғындардың түйткіліне айналған орынға барды. «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының қызметкерлерімен кездескен өңір басшысы құбырдан 25 метр қашықтан әрі салынған баснапалар бұзылмасын деп бәтуаласты. Енді арнайы жұмысшы тобы саралап, айтылған сөзді құжатқа түсірмек.

Баспана бұзылмайды. Сүйінші хабарды өңір басшысының өзі жеткізді
Баспана бұзылмайды. Сүйінші хабарды өңір басшысының өзі жеткізді

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=tRDqVy0JzOY[/youtube]