Келімсектер көбінесе құрылыста жүреді

Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері аудан көлемінде «Мигрант» операциясын ұйымдастырды. Соның нәтижесінде бірнеше ондаған шетел азаматы табылды. Олардың барлығы да біздің еліміздің шекарасынан заңсыз өткен.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=M-q9noTUDcw[/youtube]

Әдеттегідей, шетелдіктердің Қазақстанға келуінің бірден-бір себебі – жұмыс істеп, ақша табу. Алайда келімсектер осы тұста еліміздің заңына бағынуды ұмытып кете береді.

Келімсектер көбінесе құрылыста жүреді
Келімсектер көбінесе құрылыста жүреді

Бір айта кетерлігі, Мақтаарал ауданындағы шетелдіктер өзге аймақтардағыдай секілді тек құрылыс нысандарында ғана жүрмейді. Бұл өңірде арзанқол жұмыс күші диханшылықта, мақта алаңында да жиі пайдаланылады. Дегенмен, оларды жұмысқа тартқан Қазақстан азаматтары да құжат тәртібін бұзғаны үшін жауапқа тартылады.