Мына шөптің арасында көкнәр өскен

Мақтаарал аудандық ішкі істер басқармасының қызметкерлері өсірткі өсімдігін өсірген азаматты анықтады. Мақталы ауылы тұрғындарының бірі көршісінің ауласында оғаш көрінетін өсімдіктердің өсіп тұрғанын полицейлерге хабарлаған. Тәртіп сақшыларының жедел-тергеу тобы арызда көрсетілген мекенжайға шұғыл аттанады.

Мына шөптің арасында көкнәр өскен
Мына шөптің арасында көкнәр өскен

Анық болғаны сол, көкнәрді өсірген 87 жастағы қарт болып шықты. Бір айта кетерлігі, қария өзінің әрекетін теріске шығарған жоқ. Тек, бұл өсімдікті өзі пайдалану үшін өсіргенін айтады. «Денсаулығыма пайдасы бар болғандықтан езіп ішіп жүрмін» дейді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=zYk1GJX20IM[/youtube]

Қалыстардың қатысуымен полицейлер бақшадағы шөптердің арасында өсіп тұрған көкнәрді тауып, жұла бастады. Есірткі тектес өсімдіктің ұзын-саны 182 түп болып шықты.

Жұлынған көкнәр шатырда кептіріліп жатыр
Жұлынған көкнәр шатырда кептіріліп жатыр