Қайырымдылық шарасына ұйытқы жандардың бірі
Қайырымдылық шарасына ұйытқы жандардың бірі

Рамазан — мырзалық пен мейірбан айы. Облыстық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Мейірім» қайырымдылық шарасы өткізілді. Шымкент қаласына қарасты 550 жағдайы төмен, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға 15 млн теңгені құрайтын қайырымдылық көрсетілді. Атап айтқанда: әр отбасына 1 қап ұн, май, қант, күріш, макарон, тұз шай, құрма секілді азық-түлік үлестірілді. Шара аясында облыс көлемінде 3500 отбасыға қайырымдылық есебінде көмек беру жоспарлануда.

Қайырымдылық шарасына ұйытқы жандардың бірі
Қайырымдылық шарасына ұйытқы жандардың бірі

Бейбіт Мырзагедиев, облыс имамы: «Жергілікті компания басшылары, азаматтар, мешітке жамағаттан жиналған пітір садақа бар. Биылғы жылғы көмекті бастап отырмыз. 500- ден аса отбасының 200-ге жуығын ОҚО орталық мешіті беріп отыр. Ертең Құдай қаласа Айт келе жатыр, мерекенің алдында отбасыларға қуаныш сыйласақ, әрбір үйде майы, ұны мен қанты, тұрмысқа қажетті кезкелген азық-түлігі болса, отбасында балашағасы қуанып, ағай-туысы келгенде құран оқытып, бата жасатса деген ниетіміз бар. Бұл рамазан қайырымдылық айы болғандықтан, кәсіпкер азаматтар мен жеке келушілердің пітір беремін деушілерді осында игі іс шараларға ұйытқы болып отырмыз».