Мектеп формасы қанша тұрады?

Қазақстанда биыл 1-қыркүйекте 250 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады. Оның 58 720-сы біздің облыстың еншісінде.
Қазақстанда биыл  1-қыркүйекте 250 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады. Оның 58 720-сы біздің облыстың еншісінде.
Қазақстанда биыл
1-қыркүйекте 250 мыңнан астам бала 1-сыныпқа барады. Оның 58 720-сы біздің облыстың еншісінде.

Жаңа оқу жылының басталуына санаулы ғана күндер қалды. Әрбір ата-ананың қазіргі қамы баласын мектепке дайындау. Яғни, киім-кешек, аяқ киім, сөмке, мектепке қажетті құрал-жабдықтары, т.б. керек-жарағын сатып алулары қажет. Әйтеуір, қатардан кем қылмайын деп әуреленген ата-ана мүмкіндігінше баласына тәуір киім әперуге тырысады. Осындайда «оқу ошақтарында бірыңғай мектеп формасының болғаны қажет» деушілермен «баланы қатаң тәртіпке еркін формамен барса да салуға болады» дейтін ата-аналар табылатыны анық. Бірі «әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына қиын түспес үшін біркелкі форма кидіру керек» дегенді алға тартса, екінші жақ, баланы еркін өсіру үшін мектеп формасының еркін болғанын құптайды.

Қоғамдағы осындай екіұдай пікірдің орын алуына қарамастан қазір мектептерде лажы болғанынша бірыңғай форма кию үрдіс алған. Бірақ, сол бірыңғай форманың өзі әр мектепте әр түрлі. Мысалы, кейбір мектептің шәкірттері бұрыннан қалыптасқан ақ фартук пен қара көйлек кисе, енді бірі өздеріне арнайы тіктірілген бірыңғай киімдерімен бірден көзге түседі. Қалай болғанда да ең бастысы ата-ананың қалтасын қақпайтын, бағасы қолжетімді болғаны дұрыс. Әрине, киімнің сапасына мән беру де ұмыт қалмауы қажет.

Гүлнұр СӘТБАЕВА

Қатира КӘДІРБАЕВА
Қатира КӘДІРБАЕВА

Қатира КӘДІРБАЕВА, №65 мектеп-гимназиясының директоры:

– 5-6 жылдан бері біздің мектеп оқушылары үшін бірыңғай форма қарастырылған. Яғни қыздар клеткалы (клетчатовый) юбка мен кастюм, ақ жейде кисе, ұлдар үшін қара кастюм шалбар және ақ көйлек. Қыздарымызға арналған киім үлгісі бағасы жағынан да тиімді және сапасы да жақсы. Форма бағасы – 5-6 мың теңге тұрады. Арнайы бір фирма арқылы оқушыларға тапсырыс береміз. Бұл форма біздің ата-аналардың да, оқушылардың да ортақ көңілінен шығады.

 

 

Орынкүл АЛШЫНБЕКОВА
Орынкүл АЛШЫНБЕКОВА

Орынкүл АЛШЫНБЕКОВА, Қ.Сыпатаев атындағы мектеп-лицейінің директоры:

– Мектеп оқушыларының формасы баяғы Кеңес Одағы кезіндегідей Қазақстан бойынша біркелкі болғанын қалар едім. Біріншіден, сол формадан олардың оқушы екенін бірден байқауға болады және кімнің жағдайы жақсы, кімнің жағдайы төмен екені ажыратылмайды. 

Біздің мектепте оқушылардың формасы ер балалар үшін қара көк (темно синий) немесе қара кастюм шалбар, ақ көйлек. Ал қыздар үшін бір түсті қара көк кастюм юбка және ақ көйлек. Әр оқу жылы басындағы және соңындағы ата-аналар жиналысына қаладағы форма тігетін бірнеше фирмалардың өкілдерін шақыртамыз. Ол кісілер өздерінің тіккен формасын әкеліп жарнама жасайды. Сонан соң ата-аналар өздері таңдау жасап, ортақ шешімге келеді.

Сонымен, бір баланы мектепке дайындау үшін орта есеппен 40-45 мың теңге жұмсалады екен.

33-018

33-019

33-020