Баласын мектепке бере алмай әбігер болған ана
Баласын мектепке бере алмай әбігер болған ана

Қаланың қақ ортасындағы бірнеше мектептің дайындық тобына бала қабылдау тоқтатылды. Қаламыздың бас ұстазы мұны бала санының артуына байланысты білім ұяларында 3 ауысымда дәріс оқуды болдырмау мақсатымен түсіндіреді.

Қалалық білім бөлімінің бұл шешімі бірқатар ата-ананы әбігерге сап қойды. Балабақшада жоғары топтың болмауынан Айжан Ермекқызы 6 жасқа толатын қызын мектепке бермек. Тұңғышының мектепке барарына қуанған ананың қуанышы көпке созылмады. Өйткені, ұстаздар мектеп қабырғасында даярлық тобының жабылып, ал қызының 1-сыныпқа жасы жетпейтінін айтқан.

Баласын мектепке бере алмай әбігер болған ана
Баласын мектепке бере алмай әбігер болған ана

Айжан Ермекқызы: «Бұл жақтағылар қызыңыздың 1-сыныпқа төрт күн жетпей тұр деп қабылдамай жатыр. Ең болмаса мектеп алды даярлық тобына қабылдаңыз деп өтініш жасасам, халық арасында оны нулевой деп атайды. Бұл жақтағылар мектепте нөлевой сыныбының жабылуына байланысты қайтарып жіберді. Енді бір жыл бойы баламды қайда оқытамын деп дал болып отырған».

Ал қалалық білім бөлімінің мамандары туу мен өсімнің артуына байланысты қаладағы нөмірі №9, 7, 50, 23, 64, 65 және 11 мектептерінде алғашқы даярлық сыныптары жабылады,- дейді.

Жанат Тәжиева қалалық білім бөлімінің бастығы: «Осы аталған мектептерде 3 ауысымға ауысып кету қауіпі бар. Мектептерде дайындық сыныптары ашылмайды. Ал мүмкіндігі бар басқа мектептерде дайындық сыныптарын көптеп ашу жоспарлануда. 

Енді қала орталығында тұратын жеткіншектер даярлық сыныптарын өзге мөлтек аудан немесе қала шетіндегі басқа  мектептерде оқуға тура келеді.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=RB1eR91Je48[/youtube]