Сарыағаш аудандық прокуратурасымен ағымдағы жылдың 6 айында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 301 заңбұзушылықтар анықталып, 17 лауазым иесі жауапқа тартылған. Нәтижесінде 7,1 млн теңге мемлекет пайдасына өндірілді. Ал кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында жүргізілген тексеру барысында 16 заңбұзушылық фактісі анықталып, 6 лауазым иесі тәртіпшілік жауапкершілікке тартылды. Прокурорлық шара көру актілерін қарау нәтижесімен 14 кәсіпкердің құқығы қорғалған.
2013 жылдың өткен мерзімі ішінде аудан прокуратурасының сенім телефонына 4 хабарлама түсіп, 2-еуі өз дәлелін тауып, қылмыстық істер қозғалды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалардың қолданылуына тексеру жүргізіліп, нәтижесімен 146 заң бұзушылықтар анықталып, 200 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Ал азаматтың конституциялық құқықтарын қорғау бағыты бойынша 21 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Прокурорлық ықпал ету актілерін қараумен 36,4 млн теңге өндіріліп, 444 азаматтың конституциялық құқықтары қорғалған. Ал, табиғат қорғау саласында атқарылған қорғауға бағытталған заңнамалардың қолданылуында 2 заң бұзушылық анықталып, 5 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке ілінді. Мемлекет пайдасына қаржы өнідіру бағытында атқарылған жұмыстар барысында 2013 жылдың 6 айында 12,14 млн теңге өндірілді.
Сонымен қатар, аудан прокуратурасымен мемлекет тарапынан асыл тұқымды малшаруашылығын қолдауға бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуына тексеру жүргізіліп, шаруа қожалықтарымен мемлекетке 6,1 млн теңге залал келтірілгендігі анықталған. Осы фактілер бойынша қозғалған қылмыстық істердің тергеу барысында аталған қаржы мемлекетке қайтарылды.
Статистикалық мәліметтерге сай, 2013 жылдың 6 айында жалпы аудан көлемінде 860 қылмыс тіркеліп, былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 47,3% -ға өскен. Аудандық прокуратурамен есептен жасырылған 2 қылмыстық іс қозғалып, 1-еуі тергеу нәтижесімен негізін қарау үшін сотқа жолданды.
Аудандық прокуратураның актісі нәтижесінде 9 085 975 теңге мемлекет пайдасына өндірілген, оның ішінде аудандық прокуратурамен өткізілген «Мемлекетке қарызыңды төле» акциясы аясында қайтарылған қаржы 5 946 675 теңгені құрайды.
Хали Маматаев, Сарыағаш ауданы прокурорының аға әділет кеңесшісі