«Миллениум» ағылшын тілі мектебінде салтанатты шара өтті. Мектептің алғашқы түлектері қолдарына көптен күткен сертификаттарын алды. Ағылшын тілін меңгерген полиглоттарды біздің түсірілім тобы да құттықтап қайтты.
«Милениум» ағылшын мектебінің мұғалімдері ағылшын курсын тәмамдаған студенттерін құттықтап жатыр. Қорытынды емтиханды сәтті тапсырып, арнайы сертификатқа алғандар қатарында Қанат Мірасылов та бар. Бозбала небәрі төрт айдың ішінде шет тілін еркін сөйлеуге көшкен.
Қанат Мірасылов: «Мұғалімдер енді шетелде оқып келген ағылшын мұғалімдері болғандықтан, олар сабақтарын тек қана ағылшын тілінде, көңілді өтеді. Сабақтар негізінен жалпы алғанда 1,5 сағаттан , сол 1,5 сағатың ішінде көп информация алуға болады.
«Миллениум» мектебінде сабақтар ерекше қызыққа толы өтеді. Себебі ағылшын тілінде талқылайтын тақырыптар көп екен. Мәселен, студенттер әрбір сабақта күннің қалай өткенін немесе соңғы сәттердегі жаңалықтарды сұрасады. Бұған қоса, сабақтың small talk әдісі — достасуға және іскер қарым-қатынасты орнатуға шақырады.
«Тілді құрметпен меңгеру керек» дейді «Миллениум» мектебінің мұғалімдері. Ұстаздар топтың әрбір студентімен жеке-жеке жұмыс жасауды да
қолға алған. Білім берудің заманауи тәсілдерін қолданатын ұжым интерактивті тақта, онлайын сабақтарына баса назар аударады. Айтуларынша, бұл Қазақстанның бар өңірімен тәжірибе алмасуға мүмкіндік әпереді.
Айнұр Нұртай, «Миллениум» ағылшын тілі мектебінің еншілес иесі: «Миллениум» ағылшын тілі мектебі мынау қазіргі заман талабына сай. Қазіргі мынау жастардың, оқушылардың талаптарына сай әртүрлі құралдардың, біріншіден айтып кететін болсақ интернет сабақтары бар және де «ютубтан», негізгі сабақтардың бәрі ВВС сайттарындағы жаңалықтардан басталады».
«Миллениум» ағылшын мектебінің жетекшілері алдағы уақытта да жаңа бағдарламадан қалыс қалмау жолында жұмыс істемейді. Бұған қоса сабақ өту әдісі бойынша тәжірибе алмасу үшін Америкадағы мемлекеттік «Мичиган» және «Гранд Валлей» университеттерімен келісім-шартқа отырмақ.
[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=KeHMj2D8Ocw[/youtube]