Бұзылу қауіпі бар үйлер

Жаңадан бой көтерген «Мирас» шағынауданы тұрғындарының үйлері бұзылады деген қауіппен 2-жыл күн кешіп келеді. Олар аулаларында құрылыс жүргізе алмай, не құжаттарын рәсімдей алмай отыр. Өйткені жергілікті билік рұқсат бермейді.

Мазалары қашқан Мирастық тұрғындар
Мазалары қашқан Мирастық тұрғындар

 

 Шинибеков Исатбек, тұрғын: «5 жыл дегенде қарызданып, ұрыс керіпен тұрғызған үйімді тұрғызу үшін қанша денсаулығым мен уақытым кетті». 

Бұзылу қауіпі бар үйлер
Бұзылу қауіпі бар үйлер

Қаланың бас сәулетшісі бұл жерлер кезінде Сайрам ауданының жері болған. О баста егістікке деп алғандар жерді құрлысқа рәсімдеп алып, бөлшектеп сатып жіберген. Ал, сол арада қаланың жоспары өзгертілді. Енді, басшылар бас жоспарға сай келмеген баспаналар ғана бұзылатын болады дейді.

Бұзылмайтын үйлер заңдастырылуда
Бұзылмайтын үйлер заңдастырылуда

Архабаев Нұрлан, Шымкент қаласының бас сәулетшісі: «Жол түсетін үйлер бұзылады. Содан кейін бізде қазір әлеуметтік нысандар қаралған. Балабақша, мектеп қаралған. Здравахранениенің объектісі қаралған. Частный сектордың арасына қойып бердім. Өйткені онсыз болмайды».

Тұрғындар құрылыс жүргізер алдын жергілікті сәулет бөлімінен шаңырақтарының алда қандай боларын біліп алуы керек. Ал, бас жоспарға сай емес баспаналарды бұзу, кезең бойынша 4-5 жылдың көлемінде жүргізіледі.

[youtube]http://www.youtube.com/watch?v=MPf43VtIyyo[/youtube]